13.05.2024

ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІН КӨРСЕТЕТІН ОНЛАЙН СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазақстанда 6 түрлі критерий бойынша жоғары оқу орындары мен колледждердің тәуелсіз рейтингін көру үшін онлайн сервис іске қосылды. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоғары сынып оқушылары, ата-аналар мен студенттер электронды еңбек биржасының сайтынан (enbek.kz) қандай ЖОО-лар мен колледждер түлектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие екені мен жалақы тұрғысынан табыстылығы туралы ақпаратқа тегін қол жеткізе алады. Осылайша, әрбір пайдаланушы жеке мамандық немесе нақты бағыт бойынша жоғары оқу орнына немесе колледжге тиімді таңдау мүмкіндігіне ие болып отып. Рейтингті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мамандары 2018 жылдың желтоқсанында жасап шықты. Үздік және нашар оқу орындарын таңдау сауалнамалар негізінде емес, түлектердің жұмысқа орналасуының нақты нәтижесі, олардың жалақы деңгейі, жұмыстың тұрақтылығы бойынша жасалды. Бұл рейтингтің объектив және тәуелсіз болуын қамтамасыз етеді. Салыстыру кезде 2015-2017 жылдары бітірген 200 мыңға жуық түлек (101 ЖОО-ның түлектері), ал колледждің 300 мыңнан астам түлегінің (766 колледж) мәліметтері қолданылды. «Кез келген адам жұмыс берушілер қандай мамандықтар көбірек сұранысқа ие екенін, қандай аймақтардың жоғары оқу орындары жақсы немесе нашар екенін көре алады. Сайт архитектурасы түрлі салыстыру жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, талапкер «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша жоғары білім алғысы келеді делік. Рейтинг арқылы ол Қазақстанның қай жоғары оқу орнында түлектердің жұмысқа орналасуының ең жоғары пайызын, қай өңірде осындай мамандар ең жоғары жалақы алатынын көре алады», – дейді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті Тахир Аслялиев. Оның айтуынша, рейтинг талапкерлер үшін де, басқа жоғары оқу орындарына ауысқысы келетін студенттер үшін де, жұмыс берушілерге лайықты түлектерді жұмысқа қабылдау үшін және білім беру және еңбек нарығы саласындағы зерттеулер үшін талдаушыларға да пайдалы.

Толығырақ: https://aikyn.kz/2019/03/28/84009.html
Материалды көшіріп басқанда www.aikyn.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА