27.07.2024

ШҚО оқушылары арасында цифрлық технологиядан чемпионат өтті

Өскеменде 3D модельдеу, робототехника, бағдарламалау бойынша облыстық чемпионат өтті.

«Skills for geeks» деген атау алған байқау «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Біріншілікке қатысу үшін 2134 оқушы өтініш білдіріп, аудандық және қалалық іріктеу кезеңдеріне қатысқан болатын. Іріктеуден өткен 246 оқушы облыстық кезеңде бақ сынасты. Олардың қатарында «Ақ ниет» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушылары да бар.

Чемпионат барысында балалар «PTC Creo Parametric 3.0», «Blender» сынды қиын бағдарламалардың шешімін тауып, «Сумо» және «Кегельринг» бойынша өзара жарысты.

Жарыстың өтуіне облыс әкімдігімен қоса, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы да мұрындық болып отыр.

«Биылғы оқу жылында облыстағы 378 шағын жиынтықты мектепте ІТ-сыныптар ашылды. Шілде айына дейін өңірдегі мектептерге 2869 жаңа компьютер мен 500-ге жуық интерактивті тақта сатып алынады. Оған облыстық бюджеттен 899,4 миллион теңге қарастырылған. Сондай-ақ өткен жылы өңір мектептерінің 544 мұғалімі «ІТ-технологиялар бағдарламасы» бойынша қайта даярлаудан өтті. Ал биыл 573 мұғалім дәл осындай курсқа барып, біліктіліктерін шыңдап қайтпақ» – дейді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова

ШҚО оқушылары арасында цифрлық технологиядан чемпионат өтті

Нәтижесінде «Бағдарламалау» аталымында «10+» жас аралығындағы командалар арасында Өскемен құрамасы жеңіске жетті. Ал «14+» жас санатында облыстық мамандандырылған мектептің командасы үздіктер қатарынан көрінді.

«3D модельдеу» аталымында «10+» жас аралығындағы командалар арасында Үржар ауданының құрамасы жеңіс тұғырынан көрінсе, «14+» жас санатында  семейлік оқушылар бірінші орынды жеңіп алды.

«Робот техникасы» категориясында «10+» және «14+» жас санаттарында бірінші орынды облыстық мамандандырылған мектептің құрамасы иеленді.

ШҚО оқушылары арасында цифрлық технологиядан чемпионат өтті

Ал жалпыкомандалық есепте «10+» жас аралығындағы командалар арасында облыстық мамандандырылған мектептің құрамасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Семей құрамасы иншіледі. Оларға 3D принтер табысталды. Үшінші орынды Абай ауданының құрамасы иеленіп, ноутбук алды.

Ал «14+» жас санатында жалпыкомандалық есепте Глубокое ауданының құрамасы жеңіске жетті. Екінші орынды облыстық мамандандырылған мектептің құрамасы иеленді. Ал үшінші орынға семейліктер табан тіреді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА