2525-10-03

Араға 10 жыл салып ҰБТ форматы мен мазмұны өзгереді.

ҰБТ – дағы соңғы ауқымды өзгеріс 2017 жылы жасалды. 2016 жылы үш міндетті (Қазақстан тарихы, қазақ тілі (орыс мектебі үшін қазақ тілі), математика) және бір таңдау пәнінен тұратын төрт міндетті және грантқа қатысы жоқ орыс тілі ( орыс мектебі үшін қазақ тілі ) әр пән 25 балдан жалпы 125 балдық ҰБТ ны соңғы рет тапсырды.

2017 жылы ҰБТ тарихындағы жаңа бет ашылды. Үш міндетті пән ішінде Қазақстан тарихы өзгеріссіз қалды да, қазақ тілі мен математика таңдау пәніне айналды. Ал міндетті пән болып оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық пәні өмірге келді. Таңдау пәні бұрынғыдай біреу емес екеу боп өзгерді. Жалпы бал 125 балдан 140 балға өзгерді.

Бұл өзгеріс қазірге тоғыз жыл, 2026 жылғы түлектер оныншы рет тапсырады. Он жыл ішінде ішінара өзгеріс еніп, жекелеген пәндердің балында өзгеріс болғанмен үлкен жақтан өзгеріс болмады.

Байқауға қарағанда ҰБТ араға 10 жыл салып, үлкен өзгеріске түсетін секілді. Себебі…

Күні кеше президенттің АҚШ-тағы маңызды кездесулері аясында АҚШ -тың әйгілі Educational Testing Service (ETS) компаниясының басшылығымен өтіпті. ETS – әлемдегі тестология саласындағы ең көне ұйым. Келіссөздер нәтижесінде ETS-тің жетекші мамандары қатысатын арнайы жұмыс тобы құрылады. Халықаралық деңгейдегі сарапшылардың тәжірибесі негізінде Қазақстандағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұны мен әдістемесі терең жаңғыртылып, ол заманауи әдістеме мен бағалаудың сапасы жоғары халықаралық стандартқа сай жетілдірілмек, – деп жазды ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Іле шала, атлаған министрліктің баспасөз қызметітҰБТ-ны жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. 2026 жылы оның форматына ешқандай өзгерістер енгізу жоспарланбаған. Бұл оқушылар мен ата-аналарға алдын ала ақпарат беріп, емтиханға дайындықты тұрақты форматта жүргізуге мүмкіндік беру үшін жасалып отыр, – деп түсініктеме берді.

Әрине, 2026 жылдың ҰБТ форматына өзгеріс енгізуге министрлік дәл қазір қанша жылдамдықпен қимылдаса да үлгермейді. ҰБТ ны форматтық және мазмұндық тұрғыда өзгерте салу оңай шаруа емес. Сондай ақ, 8 айға жетпейтін уақыт қалған ҰБТ өзгерісе түлектер де дайын болмайды. Сондықтан, ETS компаниясынан алатын тәжірибелер негізіндегі өзгеріс қазіргі 11 сыныпқа емес, 10 сыныптарға сыйлық болатыны анық.

Бұл селбестік туралы ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы, қазіргі таңда ғылым және жоғары білім министрі кеңесшісі Руслан Емелбаев бүй дейді:

Бүгін Нью-Йорк еліміздің білім беру саласындағы маңызды шешімдердің алаңына айналды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары аясында Educational Testing Service (ETS) компаниясымен ынтымақтастыққа қол жеткізілді.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен бірге ETS кеңсесіне барып, бүкіл әлемде мойындалған TOEFL, GRE сияқты емтихандарды әзірлейтін ұйымның қалай жұмыс істейтінін көрдік. Бұл тәжірибе Қазақстан үшін аса құнды, өйткені сөз біздің түлектеріміздің болашағы мен қоғамның білімді бағалау жүйесіне деген сенімі жайында болып отыр.

Сондықтан бұл жаңалықтың талқылау тудырғаны таңғаларлық емес. Біреулер қуанып жатыр, біреулер алаңдаса, енді біреулер сұрақ жаудыруда. Бұл қалыпты жағдай – мәселе білім мен жастардың болашағына қатысты болса, бейжай қалу мүмкін емес.

Мен бұл салада көп жылдан бері жұмыс істеп келемін және Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңаруы әділ, заманауи әрі объективті болуы қаншалық маңызды екенін жақсы түсінемін. Дәл осы себепті министрлік ETS компаниясымен ынтымақтастықты бастады.

Маңыздысы – шетелдік мамандар біздің тесттерді «жазбайды». Олардың міндеті – тәжірибе мен әдістемемен бөлісу, сол арқылы біз ҰБТ мазмұны мен құрылымын жақсарта аламыз.

Бұл – тестілеудің күрделенуі емес, керісінше жастар үшін әділ мүмкіндіктер ашу, сапалы білім алу мен Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіндегі лайықты орнын айқындауға жасалған қадам.

Президенттің бұл бастамаға тікелей қатысуы кедергілерді жедел шешуге мүмкіндік беріп, маңызды әрі ауқымды өзгерістердің кепілі болып отыр.

Сонымен қатар, ҰБТ-дағы барлық өзгерістер қазақстандық сарапшылармен, мамандармен бірнеше рет талқыланатынын атап өткен жөн. Бұрынғыдай әрбір жаңалық бойынша аймақтар мен қалаларда, мұғалімдерден бастап ата-аналар мен түлектерге дейін барлығына толық түсініктеме жұмыстары жүргізіледі.

Шетелдік университеттер филиалдарының ашылуы, Coursera секілді платформаларға қолжетімділік, студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер – мұның бәрі бір тізбектің міндеттері.

Ең бастысы – біз өзгерістерден қорықпай, оларды саналы түрде әрі түсіністікпен қабылдауымыз қажет, – деп жазды ҰТО -ның экс басшысы Руслан мырза.

Иә. ҰБТ жаңа деңгейге шығуы қажет. Өзгерет, дамитын уақытқа келді. Тек өзгерістің бір алаңдататын тұсы бар. ҰБТ мазмұны ол орта білімнің мазұны, ал, ҰБТ ол жоғары білімге қол жеткізудің басты шарты. Екеуі екі министрлік құзырында. Ұлттық тестілеу орталығы ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты мекеме. Оқу ағарту министрлігінен алыс. Бірақ, мазмұн, стандарт бәр де оқу ағарту министрлігінің құзырында.

Айтпақшы, оқу ағарту министрлігі де 2026-2027 оқу жылынан бастап білім беру бағдаралмаларына өзгеріс енетінін айтып жатыр. Онда мылтықтың басуына құлақтың қасуы сәйкес келейін деп тұр. ҰБТ -дағы өзгерістер мен білім мазмұны қатар жаңғыруы мүмкін.

Оның үстіне жасанды интелекттің өзі бір екі жылда біраз нәрсені төңкереді ау деген болжам бар, қарқыны тым қатты, қуаты тым жоғары.

Онда қазіргі оқушыларға да, ұстаздарға да біраз өзегріс қажет болмақ. Бірақ, 2+2 қашан да 4. Білім бағдарламасы, ҰБТ форматы қанша өзгерсе де базалық білім бәрі бір де өзгермек емес, ол мәңгілік ірге тас.

Сондықтан, мектеп оқушылары үшін базалық білімді барынша нығайту, жүйелі сапалы білім алу қашан да кез келген өзгеріске дайын болудың басты шарты болмақ!

QAZBILIM жобалары жетекшісі, PhD химик
Аятжан Ахметжанұлы.

Соңғы жаңалықтар