Білім саласындағы өзекті мәселелердің бірі – мектептерде оқушылардың ұялы телефон қолдануы. Бұл тақырыпқа қатысты түрлі елдерде жүргізілген зерттеулер қызықты әрі ойландыратын нәтижелер көрсетіп отыр. Әсіресе, телефонға тыйым салудың оқу үлгеріміне оң әсер ететіні дәлелденген. Қазақстанда да бұл мәселе қызу талқыланып, кейбір мектептер батыл қадамдарға барып жатыр.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтың Telegram желісіндегі ресми парақшасында мектепте телефонды қолдануды шектеу қажет екенін айтты.
Бұл – рандомизацияланған (таңдамалы) зерттеу: кейбір аудиторияларда телефон қолдануға тыйым салынып, кейін осы топтардың оқу үлгерімі бақылау тобымен салыстырылған. Нәтижесінде, әсіресе оқу үлгерімі төмен студенттердің білім сапасы артқаны байқалған. Тағы бір қызығы- тіпті назарды алатын факторлардың аз ғана қысқаруының өзі “орташа мұғалімді” “өте жақсы мұғаліммен” ауыстырғандай әсер еткені анықталған. Ұқсас қорытындылар Норвегия мен Британияда да тіркелген. Бізде де бұл мәселе қызу талқыланып жатыр. Белсенді және батыл мектеп директорлары мұндай шешімдерді өз бетінше қабылдап жатыр: мысалы, НЗМ (НИШ) мұндай қадамға барды. Алайда, көпшілік мектеп директорлары әлі де жауапкершілікті өз мойнына алудан қорқады.