2525-09-07

Абай облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Бауыржан Ердембеков Абай облысы білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бауыржан Ердембеков 1974 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Жарма ауданы Асқаралы ауылындағы Лекеров атындағы мектепте мұғалім болып бастаған.

Әр жылдары М.Әуезов атындағы Семей университетінің сырттай оқыту факультетінің деканы, проректоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, «Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-Ректоры, «Абай және ұлттық руханият» ғылыми зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері болып еңбек етті. Бұған дейін «Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының профессоры қызметін атқарды.

 

Соңғы жаңалықтар