Болгарияның Шумен қаласында өткен IX Еуропалық жасөспірімдер информатика олимпиадасы (EJOI-2025) өз мәресіне жетті. Бұл беделді жарысқа 24 елден 100-ден астам жас IT-талант қатысты. Олимпиада барысында 52 медаль иесін тапты.
Қазақстан құрамасы тамаша нәтиже көрсетіп, қатысқан барлық төрт оқушы да жүлдемен оралды. Жас программистеріміз бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
Жеңімпаздар тізімі:
-
🥈 Күміс медаль – Құрмет Әбілмансұр, Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы.
-
🥉 Қола медаль – Шаймерден Нұрәлі, Көкшетау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы.
-
🥉 Қола медаль – Юсупов Саят, Өскемен қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы.
-
🥉 Қола медаль – Мұғжан Дінмұхаммед, Көкшетау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы.
Команда жаттықтырушылары:
-
Әлімжан Аманов – PhD, Қазақ-Британ техникалық университетінің ассистент-профессоры.
-
Батыр Сардарбеков – халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, спорттық бағдарламалау бойынша чемпион.
EJOI-2025 нәтижелері қазақстандық оқушылардың мықты дайындығын және еліміздің бағдарламалау мектебінің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін айқын көрсетті.