2525-09-15

Мектеп қаржысы – жеке байлыққа! Бухгалтер 8 жылға сотталды

Шымкентте мектептің бас бухгалтері аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын иемденгені және заңсыз жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін сот үкімімен жазаланды.

Сот деректеріне сүйенсек, айыпталушы мемлекетке 451 миллион теңгеден астам залал келтірген. Ол ұрланған қаржыға автокөліктер, пәтерлер, жер учаскесі мен бағалы қағаздар сатып алған.

Сот отырысы барысында әйел өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді. Сонымен қатар, ол жазаны өтеуді кейінге қалдыруды сұрады. Сот оның бұл өтінішін, сондай-ақ кәмелет жасына толмаған балалары барын назарға алды.

Нәтижесінде сот оны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 218-бабы 3-бөлігінің 1 және 3-тармақтары бойынша кінәлі деп танып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Соңғы жаңалықтар