2525-07-16

Биыл мектепке баратын балалардың 70 пайызы қазақ тілін таңдаған

2025 жылғы 1 сәуірден бастап елімізде 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды, — деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Ресми деректерге сәйкес, бүгінге дейін мектепке 273 643 бала қабылданған. Олардың 70 пайызы мемлекеттік тілде білім алуды таңдаған.

Құжаттарды қабылдау жалғасуда. Өтінімдерді eGov.kz электронды үкімет порталы немесе eGov mobile қосымшасы арқылы онлайн түрде жолдауға болады. Сонымен қатар, ата-аналар құжаттарды мектепке барып тапсыру мүмкіндігіне де ие.

Құжаттар демалыс және мереке күндерінен басқа күндері қабылданады.

Бұған дейін министрлік жоғары сынып оқушыларына мектеп қабырғасында кәсіби мамандық алуына мүмкіндік беретін пилоттық жобаның жүзеге асырылып жатқанын хабарлаған болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР