2525-04-13

Астанада мектеп жабылып, оқушылар көшіруге мәжбүр болды – ата-аналар не дейді?

Астана қаласындағы № 1 мектеп-лицейінде бекітілген жоспарға сәйкес күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Оқу жылы басталар тұста мектеп не себепті жабылды?

Бұл сұраққа жауап алу үшін біз қалалық Білім басқармасына жүгіндік.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, мектептегі оқушылар мен мұғалімдер уақытша басқа, көрші мектепке ауыстырылған:

  • 1–4 сынып оқушылары – бірінші ауысымда,
  • 5–6 сыныптар – екінші ауысымда білім алады,
  • Ал 7–11 сынып оқушылары – қашықтан оқу форматына көшірілген.

— Ата-аналарға бұл өзгеріс туралы алдын ала хабар беріліп, шешім жалпы жиналыста келісілді. Сонымен қатар, оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты шара мен аттестат тапсыру рәсімі Оқушылар сарайында өтеді, — делінген агенттіктің сауалына жауап ретінде.

Бұдан бөлек, Білім басқармасы мектеп директоры мұғалімдерді жаппай жұмыстан босатуда деген қауесеттің шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

— Мектепте былтыр күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Оқу жылы басталар алдында тек ағымдағы жөндеу жұмыстары ғана атқарылған, — деп нақтылайды басқарма.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев елімізде білім беру сапасын жақсартуға бағытталған түрлі реформалар қолға алынғанымен, салада шешімін таппаған түйткілдер әлі де бар екенін жеткізген. Оның айтуынша, кейбір мұғалімдер жұмысқа орналасу үшін пара беруге мәжбүр болатын жағдайлар кездеседі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР