2525-01-08

«Болашақ» бағдарламасында тіл мәселесі: Орыс тілінде акцентпен сөйлеу Қазақстанды ұятқа қалдырады ма?

Әлеуметтік желілерде Жасұлан Темірбаев есімді азаматтың «Болашақ» халықаралық стипендиясына «орыс тілінде шала сөйлегенім үшін» өтпегені туралы айтқан пікірі қызу талқыға түсіп жатыр.

Жасұланның айтуынша, ол комиссия мүшелерімен сұхбаттасу кезінде: «Орыс тілінде акцентпен сөйлегеніңіз үшін Қазақстанды ұятқа қалдырасыз» деген сөздер естіген.

Тіл мәселесі «Болашақ» бағдарламасында да маңызды орын алатын секілді. Сұхбат барысында сұрақ қандай тілде қойылса, сол тілде жауап беру қажет екені белгілі. Жасұланның сұхбатының 90 пайызы орыс тілінде өткен. Ол орыс тілін ана тілі ретінде меңгермегенін, бірақ бұл тілде белгілі бір деңгейде қатесіз сөйлей алатынын айтады. Ғылыми мақалаларды оқып, түсініп, аудару қабілеті де бар екендігін жеткізді. Дегенмен, комиссия мүшесі оған: «Вы разговариваете на русском с акцентом. Вы будете позорить Казахстан» деп айтқан. Осыған байланысты Жасұлан Темірбаев: «Бұл дұрыс па?» деген сұрақ қояды.

Жасұлан АҚШ-қа спорт дәрігері мамандығы бойынша тапсырыс берген. Үміткерлердің ішінен 9 адамнан жетеуі өткен, ал Жасұлан өз кезегінде әріптестерінің ағылшын тілін меңгеру деңгейі төмен болғанымен, олардың орыс тілінде жақсы сөйлейтінін атап өтті. Осыдан Жасұлан комиссияның үміткерлердің ағылшын тілін меңгеру деңгейіне емес, олардың орыс тілін білуіне мән бергеніне күмән келтіреді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР