Қаңтар айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініш беру 20 желтоқсанда басталып, 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Тестілеу 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.
ҰБТ-ға тіркелу үшін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO мобильді қосымшасы пайдаланылады.
Министрлік мәліметінше, қаңтар айындағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі бөлімге қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балды жинай алмаған, шығармашылық пәндер бойынша ақылы негізде басқа дайындық бағыттарына ауысқысы келетін, педагогикалық бағытты таңдағандар және мектеп бітіруші түлектер қатыса алады.
Қатысушылар тестілеуді өткізу орнын, күнін және уақытын өздері таңдай алады.
ҰБТ-дағы пәндер саны бұрынғыдай қалады: үшеуі міндетті, қалған екеуі қатысушының таңдауына беріледі.