2424-12-21

Астана: 2025 жылға дейін 20-дан астам жаңа мектеп салынады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында елордада ашылған жаңа жайлы мектеп туралы хабарлады, деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты.

— Бүгін тағы бір жайлы мектеп ашылды. Бұл оқу жылы басталғаннан бері біз іске қосқан он сегізінші мектеп. Жаңа мектеп Үркер елді мекенінде орналасқан. Білім ошағы екі ауысымда 4 мың оқушыға арналған. Қазіргі уақытта № 69 мектеп-лицейінде оқушылар үш ауысымда білім алады. Осылайша, жаңа мектеп ашу оқушылар санының артуына байланысты туындаған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Балалар үшін оқу 3-тоқсаннан басталады, — деп жазды қала әкімі.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында елордада жаңа үлгідегі 11 мектеп салынды және пайдалануға берілді. Ал 2024-2025 жылдары 24 жаңа мектеп салынып, 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.

— Жыл соңына дейін тағы бірнеше мектепті ашуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, алдағы жылдары тағы 20-дан астам мектеп салу жоспарымызда бар, — деп жазды Астана әкімі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР