2424-12-22

Шалғай ауылдардағы оқушыларға арналған жаңа мүмкіндіктер: Президенттің берген сыйы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев №1 Хромтау орта мектебін аралап, мектептің білім беру жүйесінің ерекшеліктері мен оқушылардың зертханалық жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Оқу орнының “Ақтөбе облысындағы шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін цифрлық технологияларды қолдана отырып дамыту” пилоттық жобасына қосылғаны туралы Президентке ақпарат берілді. Бұл жоба шағын жинақты мектептерде цифрлық технологияларды енгізу арқылы білім сапасын жақсартып, оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Жоба аясында мұғалімдер қашықтан тәжірибе алмасады.

Мемлекет басшысы аталмыш білім ошағындағы және басқа да ауыл мектептеріндегі оқушылардың ашық сабағына онлайн қатысып, оларды қолдады. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев шалғай ауылдардағы балалардың білім алуына жағдай жасау мақсатында мектепке автобус сыйға тартты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР