2424-11-27

Қазақстанның үздік мұғалімдері: Байқауға қатысушылар мен жеңімпаздар туралы

Астанада «Қазақстан мұғалімі-2024» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Іс-шараға әлемнің түрлі елдерінен келген мұғалімдер, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Аталған іс-шара Varkey Foundation ұйымдастыратын жаһандық мұғалімдер сыйлығының қазақстандық кезеңі болып табылады. Бұл байқауда әлемнің үздік мұғалімдеріне білім саласына қосқан үлестері үшін бір миллион АҚШ доллары көлемінде бас жүлде беріледі.

Байқау барысында «Қазақстан мұғалімі-2024» ұлттық сыйлығының жеңімпазы мен еліміздің үздік 10 мұғалімі анықталды. Оның мақсаты – ұстаздық мамандықтың маңыздылығын көрсету және үздік мұғалімдердің еңбегін халықаралық деңгейде бағалау.

Бұл жылғы байқау рекордтық деңгейде өтті, өйткені Қазақстанның әр өңірінен 2200-ден астам педагог қатысып, олардың арасынан ең үздік 10 мұғалім таңдалып алынды. Бұл тізімде екі астаналық ұстаз да бар. Олар — Астана қаласындағы №71 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Октябрина Жунис және Экономикалық лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұржан Байсаков. Үздік он мұғалімнің қатарына енген әрбір елордалық ұстазға 1 миллион теңгеден сыйақы табысталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР