26 C
Нур-Султан
14.06.2021

Мұғалімдерді марапаттау ма, әлде мазақтау ма?

Қазақтың сан ғасырдан бергі тарихында нелер алмағайып заманда да, ұстазға деген құрметі еш кемімеген. Әл-Фарабиден тартып кешегі Алтынсаринге дейінгі аралықта ұлт ұстаздарының есімі еш көнерген емес. бүгінде ұстаз деген ұлағатты есімді иеленіп, ауыр аманатты арқалап жүрген жандарға жасаған сый- құрметіміз көңіл қуанта ма?
Жақында Астана қаласында жыл сайын ұйымдастырылып тұратын «үздік мұғалім-2014» конкурсы өтті. Шараның мақсаты машақатты жұмыстан бас алмайтын, елдің ұрпақ тәрбиесі ісіне шексіз үлес қосып жатқан ұстаздардың үздігін марапатттап, өзгеге өнеге ету болса керек. Шынында, қазіргі мұғалімдерге мұндай байқаулар мен конкурстар керек-ақ. Қоғамдағы статусы мен материялдық шарт-жағдайы жағынан басқа сала мамандарынан төмендеу тұратын, солай болғанына қарамастан ұлт болашағы үшін ұрпақтарға шексіз рухани байлық көзін ашып отырған ұстаздардың еңбегі бағаланып, ащы терінің тәтті жемісін татып жатса құба-құп. Бір жағынан ең қиын мамандықты таңдаған мұғалімнің еңсесін көтерсе, екінші жағынан қоғамға үлкен жарнама болар еді.
Иә, сонымен атағы алатудай «үздік мұғалім-2014» байқауы да басталды. Көрдік. Көрдік те көңіліміз қалды. Неге? Біздің жорамал сахнадан ең үздік деген, яғни, өз саласының майталмандарын көру еді. Бірақ, олай болмады. Біз үздік мағалімдерді саралайтын байқауға емес, керісінше олардың арасынан үздік шоуменды анықтайтын костинигке келгендей күйде болдық. Конкурс талабы соай шығар, кім білсін? Өмірі тақта алдында бор ұстап, балаға сабақ берумен айналысып келген мұғалімдердің бірі актер боп, бірі әнші боп әуре. Сайысқа шәкірттерімен келген олардың көрсетіп жатқан қойылымдары да әр түрлі. Кейбірі оқушыларға маска кигізіп тұмшаласа, кейбірі жартылай жалаңаш киіндіріп, шошаңдатып билетіп жатты. Жарайды, бұл тек білім берумен шектелмей әр өнерден хабардар екендерін көрсету шығар, бірақ бізді қынжылтқаны, неге кәсіби біліктілікке басымдылық берілмеді? Бұл аты айтып тұрғандай үздік мұғалімді анықтайтын байқау емес пе? Әлде, үздік әнші мұғалім, әлде үздік шоумен мұғалімді анықтайтын байқау ма?

Қоғам шоу мен шуға неге құмар?

IMG_1579

Қазыр телеарналар жаппай арзанқол дүниелерге, жеңіл әзіл мен мағынасыз қойылымдарға көшті. Ал, осы ақпараттық тәрбиенің әсері ұстаздарға осынша әсер беруі тым өкінішті. Ал, осы байқауға қанша жылдан бергі адал еңбегін көрсетуге барған еңбекқор ұстаздардың жігері құм болмай ма? Мысалы, біреу том- том кітабін апарды, біреу баптап бәйгеге қосқан түлегінің жетістігін апарды. Бірақ, не пайда? Ол ән сала алмайды, би билеуге буыны келмейді. Бұл жерде бұлдайтын қандай жетістігің бар? Ұрпаққа не бердің? Көрсет, дәлелде,- деп тұрған ешкім жоқ. бұл бәйгеде оқушы санасына білімді тайға басқан таңбадай етіп бертін мұғалім емес, көрерменге көңілді қойылым көрсететін, тақта алдынан гөрі сахнаға ебі бар “өнерлі” мұғалімның бағы жанайын деп тұрды. Сонда, мына сайысқа дейін қаблетіне ешкімді теңгермейтін, білімі мен біліктілігіне шек келтірмейтін ұстазының сорлап, сахнада барылдап ән айтып елге күлкі боп, конкурстан құлап сағы сынып қайтқанын көзбен көрген оқушының сенімі не болмақ? егер нағыз қаблетті, дарынды мұғалымды анықтауды мақсат тұтпаған болса конкурстың атын «әнші мұғалім-2014» немесе «биші мұғалім -2014» деп атау керек пе еді?

Оқытушының бағасы немен өлшенеді?

Ұстаз болу-жүректің батылдығы демекші осы жауапкершілігі мен машақаты көп мамандықты таңдап, халқтытың оқу-оқыту ісіне бар қажыр-қайратымен атсалысып жатқан мұғалімдердің еңбегі қашан да ұлы. Марапат пен мадақтан қалтарыста қала беретін олардың бар абыройы мен беделі алдындағы шәкіртке байланысты, демек, ұстаздың құны шәкіртпен өлшену керек. Кімге не бере алды? Шәкіртін қандай жетістікке жеткізе алды? Осы сұрақтың жауабымен-ақ бүкіл мұғалімдердің еңбегінің бағасын анық һам әділетті өлшеуге болады. Ал, осы сайыста оқушылары халықаралық деңгейдегі олимпиядалардан жүлде алған оқытушылар және жазған еңбектері елдің игілігіне жарап, қаншама құнды оқулықтар құрастырған шығармашыл ұстаздар да болды. Бірақ конкурстың талабы, бағалау критерилері ондай еңбек иелерінің көңілін көншітпеді. Өйткені олар мұғалім, актер емес.
Ал, марапатту рәсімінде жылдың үздік мұғалімы атағын жеңіп алған қатысушыға 100 мың теңге тапсырғанын көріп тағы да -иә, мұғалымдердің конкурсы болғасын да жүлдесі соған лайық болғаны ғой, әйтпегенде басқа саладағы, спорт немес өнер саласындағы жарыс болғанда, милион теңгені құшақтатар еді әрине. Он бес минут жұдырықтасып миллиондап ақша алатын төбелескіштей қадірі болмаған қайран мұғалім деп жер шұқыдық.

Конкурстың нәтижесі және әсері

Біздің басты айтпағымыз да осы. Адал еңбек пен маңдай тердің ақаталатына сеніммен барған қаншама мұғалімның меселі қайтып, қатысқанына өкініп қайтқанын байқадық. Демек, конкурс білім саласындағы біліктіні анықтаудың орнына даңғаза музыка мен шоу көрсетілімді бағалағандай әсер қалдырды. Бұл қала көлемінде ғана өткенімен оның әр мұғалімге, оның шәкіртіне беретін әсері үлкен. Біріншіден: Сабақ беруді сахнадағы қойылыммен шатастыратын мұғалым қалай білім бермек? Екіншіден: нағыз адал қызмет еткен білікті ұстаздың қадыр-қасиеті қайда қалды? Үшіншіден: «адам адамнан тәлім алады» демекші, оқушы мынадай нәтижеден кейін кімге сенім артады? Білім бере алатын, бірақ мына байқауда құлап жатқан ұстазға ма? Әлде, бар өнерін салып көрерменнің қошаметімен жеңіске жеткен үздік мұғалімге ме? бұл оқушыға өнеге болатын жайт емес.
Сөздің басында айттық, ұстазды, оның ішінде мұғалімдер қауымына құрмет жасау, олардың еңбегін елеп-ескеру көңіл қуантарлық жайт. Дегенмен, әр жеңістің өнегесі мен үлгісі бар. Топтан озған жүйрікке қызығып, тұяғы қызатын қазақы қанымыз бар. Онда біз нағыз саңлақты өнеге етуіміз керек. Оқытушылық адал еңбек. Онда оны да адалдықпен әділ бағалау ләзім. Ұстазға құрмет ұлтқа құрмет. Оның қадырын қайталап айту артық шығар, бірақ мына бір ауыз сөзді айтар ойымыздың тиянағы деп білсек: «Ұлым дейтін ұлт болмаса, ұлтым дейтін ұл қайдан болсын!?».

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...