2424-11-27

Лицензиясыз қызмет атқаратын мектептерге қандай шаралар қолданылуы керек?

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен оның аумақтық департаменттері жүргізген мониторинг барысында 58 мектептің лицензиясыз білім беру қызметін жүзеге асырғаны анықталды. Қазіргі уақытта олардың 17-сі талаптарға сәйкес реттелді. Лицензиясыз қызмет атқарған мектептерге қатысты айыппұл салынды. Бұл мектептер Астана, Алматы қалалары мен бірнеше облыстарда орналасқан.

«ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, барлық мектептер білім беру қызметін бастамас бұрын лицензия алу керек. Лицензияның болмауы мектептің талаптарға сәйкес келмейтінін білдіреді, ал алты ай ішінде лицензия алмайтын мектептер сот арқылы жабылады», – деді комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.

Лицензия алу үшін мектептер материалдық базаның, білікті педагогикалық құрамның, санитарлық нормалардың сақталуы және медициналық қызмет көрсету талаптарына сай болуы тиіс.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР