26.04.2024

Білім беру мекемелерінде тамақтануды ұйымдастыру ережесіне өзгерту енгізді

Білім және ғылым министрлігі білім ошақтарында тамақтануды ұйымдастыру ережелеріне өзгертулер енгізді.
Өзгертулер ведомство басшысының 24 мамырдағы № 231 бұйрығында жазылған.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап қосымша білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тауарларды сатып алу ведомствоның бұйрығына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, бұйрықпен заңнаманы бұзатын жеткізушілерді жосықсыз деп жариялау (жосықсыз өнім берушілер тізбесіне енгізу) және олардың конкурстарға қатысуына тыйым салу жөніндегі талаптар бекітілді.

«Бұрын мектептен тыс қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында конкурстық рәсімдер Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылған. Енді — тамақтандыруды ұйымдастыру Қағидаларына сәйкес ең дайындалған және жауапты жеткізушіні таңдауға мүмкіндік беретін критерийлер қарастырылған

Бұйрықпен органдарға, білім беру ұйымдарына, қызметтерді, тауарларды жеткізушілерге қойылатын талаптар күшейтілді.

Асханалардың ас блоктарында бейнебақылау камераларын орнату, ата-аналар балалардың тамақтануын бақылауын жүзеге асыру үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізу, оның ішінде мектеп асханасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бағасын 10% төмендету бойынша нормалар көзделген.

Ата-аналарды, балаларды хабардар ету үшін білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында жүйелі түрде ас мәзірі, ас фотосуреттері және т. б. қоса берілген оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру туралы ақпарат орналастырылады.

Сонымен қатар, Министрлік балалардың тамақтану сапасына тұрақты «Халықтық бақылау» жүргізу үшін нормалар қарастырды. Әрбір білім беру органының жанынан тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтар, мектептерде-тамақтану сапасын мониторингтеу жөніндегі комиссиялар құрылды.»- деп түсіндірді ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.

Бұйрық 10 маусымнан бастап күшіне енеді.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА