03.05.2024

Атырау облысының білім беру мекемелерінде сабақ офлайн форматта жалғасады

Бүгін Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бірақ, өңірдің білім беру мекемелерінде сабақ офлайн форматта жалғасады.

Атырау облыстық жедел штабтың мәліметінше, мектептердегі сабақ тоқтатылмайды.

«Бүгін, 7 сәуірде Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Алайда, мектептерде, балабақшаларда сабақ офлайн форматта жалғасады. Колледж, университеттер бойынша тиісті шешімдер қабылданады», — деп мәлім етті облыстық жедел штабтан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында төтенше жағдай жарияланған болатын.

«Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасары табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсы. Оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын», — делінген облыс әкімінің шешімінде.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА