26 C
Нур-Султан
14.06.2021

Білім бөлімінің басшысы өзіне қол жұмсады

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы білім бөлімінің басшысы Қалыбек Жүгінісов өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы облыстық білім басқармасы түсініктеме жасады.

Қ. Жүгінісовтің 2 маусым күні суицид жасағаны туралы ақпаратты БАҚ бүгін бере бастады. Оған бірден облыстық ведомство түсініктеме жасады.

«Өкінішке қарай, Меңдіқара ауданы білім бөлімінің басшысы Қалыбек Байжанұлы Жүгінісовтің өзіне қол салғаны туралы ақпаратты растаймыз. Қайғылы жағдайдың мән-жайынан білім басқармасы хабарсыз, — деді облыстық басқармадан. – Қалыбек Байжанұлы әріптестері арасында сыйлы жан еді. Ол — өз ісінің маманы, жауапты қызметкер болды. Білім басқармасының ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады».

Сонымен қатар жергілікті БАҚ-та марқұмның өзіне қол салуының себебі — оған қатысты сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша жүргізілген тергеу болуы мүмкін екені хабарланған.

«Білім басқармасына құқық қорғау органдарынан Қалыбек Байжанұлына қатысты сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша жүргізілген соталды тергеу туралы ресми ақпарат түспеді», — деп қосты облыстық білім басқармасынан.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...