26 C
Нур-Султан
14.06.2021

ШҚО-да 101 оқушы облыс әкімінің сыйлығын алды

Шығыс Қазақстан облысында 101 оқушыға облыс әкімінің атынан сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов олимпиадалардың, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

«Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміз талай белесті бағындырды. Әр мемлекеттің өзіндік өркендеу тарихы бар. Осы жылдар ішінде облыста 107 денсаулық сақтау нысаны, 144 мектеп, 500-ден астам спорт нысаны бой көтерді. Елбасымыз бәсекеге қабілетті мемлекет құру туралы әркез айтып келді. Ол үшін өскелең ұрпақ білімді болуы қажет», — деді аймақ басшысы.

«DREAMFEST» халықаралық бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнер байқауының Гран-при иегері облыс әкіміне өз суретін сыйға тартты.

«Бала кезімнен сурет салғанды жақсы көремін. Суреттерім әу бастан үздік деп танылған жоқ. Бірақ мен сағым сынбай, әрдайым сурет салуды жалғастырдым. Мектепке түскен кезде мұғалімім мені сурет үйірмесіне жазды. Бұл шеберлік пен шығармашылықтың нағыз ортасы. Өз жұмыстарымды түрлі байқауларға жиі жіберіп тұрамын. Осы жылы туымдым Ресей, Польша, Түркия сияқты елдердің үміткерлері қатысқан «DREAMFEST» халықаралық байқауында Гран-приді жеңіп алды», — деді Семей қаласындағы №27 орта мектептің 9-сынып оқушысы Ғазиза Танабек.

Кездесу барысында барлық балаларға дипломдар мен ноутбуктар сыйға тартылды. Сонымен қатар мерекеге орай қала және аудан әкімдері 101 дарынды мектеп оқушысына облыс әкімінің атынан сертификаттар мен сыйлықтар табыс етті.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...