Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай материалдық емес мәдени мұраны қорғау мақсатында жеке заң жобасын әзірлеуді оны, мектеп бағдарламасына енгізуді ұсынды. Депутаттың пікірінше, бұл құжатты дайындау барысында халықаралық тәжірибе ескерілуі тиіс.
«Материалдық емес мәдени мұраны құрметпен сақтап, оны мектеп оқу бағдарламасына енгізу қажет. Бұл жастарды оның құндылықтарын сақтауға ынталандырады», деп атап өтті Аманжол Алтай Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында.
Оның айтуынша, материалдық емес мәдени мұраға ана тіліміз, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, ертегілер, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жатады.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы» заң жобасын әзірлеу қажеттігін қолдаған болатын. Оның пікірінше, заңда материалдық емес мұраны қорлаған адамдарға қандай жаза қолданылатыны нақты көрсетілуі тиіс.