2424-11-21

«Декандар мектебі»: Қазақстандағы жоғары білімді басқарудың жаңа қадамдары

Назарбаев университеті әзірлеген «Декандар мектебі» бағдарламасы бойынша 33 жоғары оқу орнынан 78 факультет деканы білім алуда. Бағдарлама аясында олар білім беру ұйымдарын стратегиялық жоспарлау және тиімді басқаруды, сондай-ақ қаржы мен ресурстарды дұрыс басқаруды үйренеді.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Қазақстанды академиялық және ғылыми орталық ретінде құру» және мемлекеттік университеттерді халықаралық зерттеу университеттеріне айналдыру туралы айтты. Бағдарлама барысында NU сарапшылары білімдегі жаңа өзгерістерге бейімделу мен тәуекелдерді басқару тақырыптарын талқылады.

NU президенті Вакар Ахмад университеттерді басқарудағы басты рөл – таланттарды тауып, оларға қолайлы жағдай жасау екенін атап өтті. Оқу барысында шетелдік сарапшылар әлеуметтік желілерде жеке бренд құру және стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

Бағдарлама 25 қыркүйектен бастап бес модуль бойынша жүргізілуде, оның ішінде екі модуль Назарбаев университетінде, үш модуль Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи университетінде өтті. 18-22 қарашада Шанхай педагогикалық университетінде халықаралық модуль өтеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР