2424-11-21

Қателіктерден қорықпау және оларды даму құралы ретінде пайдалану

Адамның әсіресе педагогтардың қателіктерді қабылдай алмауы педагогтардың кәсіби және тұлғалық дамуында маңызды рөл атқарады, себебі педагогтар қателік жасауды дұрыс қабылдай алмайтын болса, олардың өзін-өзі бағалауы, оқыту процесі және оқушылармен қарым-қатынасы әсер етуі мүмкін. Білікті ұстаз Құралай Амангелдіқызы өзінің әлеуметтік желісінде бұрын қателіктерді қабылдай алмайтын, бірақ директор болып жұмыс бастаған соң, қателіктерді жаңа мүмкіндік және сабақты үйрететін құрал ретінде қабылдауды үйренгенін. Қателіктерден сабақ алу мен өзгерістерге дайын болудың маңыздылығын түсінген соң, Fail Conference ұйымдастыруды ұсынғанын. Бұл шара педагогтар мен директорларға қателіктерінен сабақ алуды, ашық пікір алмасуды және кәсіби даму үшін керекті екенін жазған. Біз оқырмандарымызға Құралай Амангелдіқызының ойымен бөліскенді жөн көрдік.

Бір кездері мен қателіктерді қабылдай алмайтын едім. Олар менің жігерімді құм қылып, мазасыздандыратын еді. Бірақ бәрі менің директор болған алғашқы күндерімде өзгерді. Бір күні үлкен қателік жібердім. Сол сәтте бұл мен үшін ең ауыр тәжірибе сияқты көрінген еді. Бірақ кейін бұл қателік маған ең маңызды сабағымды үйретті.
Мен өзімнің құндылықтарымды қайта қарап, өзгерістерге дайын болуды үйрендім. Осыдан кейін мен қателіктерімді қабылдай алатын болдым. Оларды өзімнің өмірімнің және жұмысымның бір бөлігі ретінде қабылдадым. Қазір мен қателіктер – бұл тек жаңа қадамға бастайтын мүмкіндіктер екенін білемін.
Сол себепті біз қателіктерімізден үйреніп, олардан шабыт алуды үйрететін ерекше шараны – Fail Conference ұйымдастыруды дәстүрге айналдыру керек деп шештім.
Fail Conference деген не?
Бұл педагогтар мен директорлар үшін арнайы алаң, онда:
✅ Өз қателіктеріңіз туралы ашық айтып, алған сабақтармен бөлісесіз;
✅ Басқалардың тәжірибесінен үйреніп, ерекше шешімдер табасыз;
✅ Қателіктен қорықпай, шабыт алуды үйренесіз;
✅ Білім беру саласында қолдау мен ашықтық мәдениетін дамытасыз.
Неліктен қатысу керек?
Fail Conference – бұл сіздің кәсіби өсуіңізге бастайтын мүмкіндік. Мұнда сіз:
🌟 Сәтсіздіктерді жеңудің жаңа жолдарын табасыз;
🌟 Қателіктерді тек сабақ емес, болашақ жетістіктердің бастауы ретінде қабылдауды үйренесіз;
🌟 Мықты кәсіби қауымдастыққа қосылып, қолдау мен ынталандыру аласыз.
Кімді күтеміз?
• Өз тәжірибесімен шынайы бөлісуге дайын мұғалімдер мен басшыларды;
• Қателіктер арқылы дамуға сенетін білім беру саласының мамандарын.
Іс-шара форматы:
📌Шынайы оқиғалар: қателіктерден алынған маңызды сабақтар;
📌 Пікірталас: “Мектептегі қателіктерден қалай үйренеміз?”;
📌 Нетворкинг: идея және тәжірибе алмасу алаңы.
📅 Өтетін күні мен орны: 7 желтоқсан, орны анықталуда.
💡 Қалай қатысуға болады?
Тыңдаушы немесе спикер болуға өтінім беруге болады.
Қателіктерді қабылдап, олардан сабақ алуды бірге үйренейік!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР