08.05.2024

«Зерде» мектебі оқушы қабылдауға құжаттар жинауда

«Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі 2014-2015 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру бағытында 5-сынып оқушылары үшін мамыр айының 15 жұлдызына дейін құжаттар қабылдайды» — деп хабарлайды аталмыш мектеп өз сайтында.

«Құжат қабылдау жүргізіліп жатыр, осы айдың 15-іне дейін қабылдаймыз. Құжат қабылданғаннан кейін дарынды оқушыларды іріктеу мақсатында екі турдан тұратын емтихан өтеді, бірінші турда бастауыштық стандартты математика, ал, екінші турда логикалық математикадан емтихан қабылданады» – дейді мектеп директоры Байтажикова Құралай.
«Біздің мектебіміз 2005 жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дарынды балаларды анықтау және оларды дамыту» жарлығын орындау мақсатында ашылған. Мектептің ерекшелігі, біріншіден, балаларды конкурс негізінде іріктеп алуында, екіншіден, оқу-жұмыс жоспарының өзгешелігінде. Содан бері дәстүрлі қалыптасқан іріктеу емтихандары жылда оқушы қабылдау ережемізге сай жүргізіледі. Конкурстық іріктеу жыл сайын артып келеді, өткен жылы бір орынға 6 баладан келсе, биыл бір орынға 10 бала таласуы мүмкін. Ал, бұл – мектебіміздің жыл сайын көрсетіп жатқан үздік нәтижелерінің арқасы. Дарынды һәм тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру — біздің ұстанатын басты бағытымыз» – дейді өз сөзінде мектеп директоры.

Құжаттар қабылдау әр жұмыс күндері: 9:00 ден 18:00 аралығында жүргізеді.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы 20.
Тел: 8-7172-50-18-11

Kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА