27.04.2024

Астанада балаларды бала-бақшаларға қабылдау 2 маусымнан 2 шілдеге дейін өтеді

бала-бақшаЖыл сайын балабақшадан мектеп жасына жеткен балалар кеткен соң мектепке дейінгі мекемелерде 3000 жуық орын босайды. Аталған мекемелердің меңгерушілері босаған орындарға, қабылданатын балалардың жасы мен саны көрсетілген өтінімдер береді.
Айта кетейік, жалпы орындар санының 20-25% жеңілдікті кезек бойынша өтетін балаларға беріледі, қалғаны 2-6 жастағы балалар арасында бөлінеді. Бұл әр жастағы балаға 600-700 жуық орынды құрайды.
Қазіргі уақытта баланы балабақшаға орналастыру мәселесі аса өзекті болып отыр, өйткені, жыл сайын бала туу көрсеткіші орта есеппен 1,1% (850-900 балаға) артады, сонымен қатар, халықтың елордаға көшіп келуі де ұлғаюда, жыл басында халық өсімі 4369 адамды құрады.
Астана қаласының Білім басқармасы ұсынған мәліметтер бойынша, биыл балаларды қабылдау 2 маусымнан 2 шілдеге дейін өтеді. Содан кейін ата-аналарға балабақшаға жолдамалар беріледі. Жұмыс комиссиясы баланың жасына қарай кезектілік бойынша қабылдайды. Мысалы, 2012 жылы туған балаларды қабылдау 2-5 маусымда; 2011 жылы туылғандарды қабылдау 9-12 маусымда; 2010 жылы туылғандарды қабылдау 13-16 маусымда; 2009 жылы туылғандарды қабылдау 18-19 маусымда; 2008 жылы туылғандарды қабылдау 23-24 маусымда жүргізіледі.
Жұмыс комиссиясы №61 орта мектепте сағат 15.00-18.00 күніне 300 адам қабылдайды. Жеңілдікті санаттар бойынша азаматтар құжаттары үстіміздегі жылдың 25 мамырына дейін тапсыруы керек. Ал кешіккен жағдайда құжаттар тек келесі қабылдау кезінде, яғни 2015 жылы ғана қаралатын болады.
Толық ақпаратты жұмыс күндері №61 орта мектептегі жұмыс комиссиясынан сағат 15.00-18.00 алуға болады.

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. 2009жылгы балаларга 661 орын гана бериледи екен. менин кызымнын кезеги жакын, ари сонгы жыл ешкандай мумкиндигимиз жок па сонда?(((

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА