|  | 

Керекті кеңес

Бірде-бір талапкер назардан тыс қалмайды

Білім және ғылым министрлігі биылғы грант бойынша сұрақтарға қосымша түсіндіру жүргізуді ұйғарды. Тұрғындар мен БАҚ-тың сұрақтарына ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенова жауап берді.

«Кез келген ата-ана мен талапкер білім грантынан үмітті екені түсінікті. Биыл министрлік бакалавриат бойынша грант санын 6 мыңға өсірді.

Дегенмен, таңдау барысында ескеретін жайт – әр түрлі мамандық бойынша бөлінген гранттар саны да біркелкі деңгейде емес. Нәтижесінде әр мамандық бойынша білім грантын алу үшін белгілі бір деңгейде балл жинау қажет. Дегенмен, бұл – жаңалық емес. Былтыр да, алдыңғы жылы да осылай болған. Сол себепті талапкерлер мамандықтарға қандай бәсеке болатынын білулері үшін әр мамандық бойынша бөлінетін гранттар көлемі жыл сайын ҰБТ өткізілгенге дейін белгілі болады.

Мамандық таңдау талапкерлер мен олардың ата-аналарының таңдауы болып табылады. Көбіне заң ісі, қаржы ісі сынды танымал,  сондай-ақ, грант саны аз болінген мамандықтарға сұраныс түседі. Оған қоса, талапкерлер нақты бір ЖОО таңдайды. Сондықтан грант алу үшін ҰБТ ұпайлары әртүрлі мамандықтар мен ЖОО-ына қарай  өзгешеленеді.

Сонымен қатар, ата-аналар ауыл квоталары мен жеңілдіктерді пайдаланатын басқа да категориядағы адамдардың бар екенін де ескеру тиіс. Ондай талапкер ҰБТ-дан алған ұпай санының төмен болғанына қарамастан грант иегері атанады. Бұл да жыл сайын қайталанатын жағдай.

«Алтын белгі» иегерлері қолданыстағы заңға сәйкес жеңілдік ала алады. Министрлік олардың ҰБТ-дан алған ұпай санын өзге талапкерлерге теңеген заң жобасы қарастырылуға берілген, бірақ әлі қабылданбады. Ол заң күзде қабылдануы мүмкін, сонда ғана «Алтын белгі» иегерлеріне берілетін жеңілдіктер жойылып, басқалармен тең дәрежеде қарастырылады.

Қайталап айтқанда, құрамына ЖОО Ассоциациясының, «Атамекен» ҰКП-ның, кәсіподақтар мен басқа да қоғамдық ұйым өкілдерінен кірген республикалық комиссия өз шешімдерін қолданыстағы заң талаптарына сәйкес қабылдаған.

Ұлттық тестілеу орталығы бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесін ашып, әр ата-анамен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта +7 (71 72) 69 50 76, 69 52 61 номерлеріне хабарласып, қауырт желі арқылы қажетті ақпарат алуға болады.

Министрлік жоғары балл алған талапкерлерге ЖОО-ның грант тарының бөлінуіне ұсыныс жасайды. Сонымен қатар, министрлік биыл әр облыс әкімдерінің гранттарының бөлінуіне жағдай жасады. Алдағы 2 апта ішінде әкімдіктермен осы бағытта жұмыс жасалады.

Бірде-бір талапкер назардан тыс қалмайды».

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • “Ағылшын тілінде оқытуды мектеп пен мұғалімдер дайын болған кезде ғана жүргізе бастаймыз”

    “Ағылшын тілінде оқытуды мектеп пен мұғалімдер дайын болған кезде ғана жүргізе бастаймыз”

    БҚО-ға келген жұмыс сапарында Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова осылай деді. -«Білім саласында көптеген өзгерістер болып жатыр, сол өзгерістерді жүйелі нәтижеге жеткізу керек» деп Елбасы айтқандай, білім саласында атқарылатын жұмыс көп,-деп бастады сөзін Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова. –Алдымыздағы үш жылдың ішінде елімізде 190 мектеп салынады. Ең бірінші апатты жағдайда тұрған және үш

  • “Қызға қырық үйден салынатын тыйым”. Ол қандай?

    “Қызға қырық үйден салынатын тыйым”. Ол қандай?

    Қазақта “Қызға қырық үйден тыйым” деп аталатын тәрбие бар. Яғни, қыздарымыз мынадай қырық істен тыйылу керек немесе барған үйлері тыю керек . Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе, жалғыз қыдыруға тыйым. Үлкендер алдында жарыса сөйлеуге тыйым. Талтайып отыруға тыйым. Шалқайып жатуға тыйым. Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішті болмауды әрқашан ойлау. Орынсыз іске ұрынудан тыйым.

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog