4 C
Нур-Султан
02.04.2023

Елордада оқушылардың тамағына бөлінген қаражат сыйақы ретінде игерілген

Астана қалалық мәслихаты хатшысы Ерлан Каналимов қаладағы оқушылардың ыстық тамағына бөлінген қомақты қаражаттың басқа мақсаттарға жұмсау деректері анықталғанын айтты.

Оның айтуынша, мектептегі балалардың тамағына бөлінген қаражатты тиімді иегеруге қатысты мәселе бар. 2021 жылы қаржыландыру жоспары бойынша 1 млрд теңге қарасатырылған. Білім беру басқармасы нысандарының шын мәніндегі шығыстары 264 млн теңгені құрады.

«Атап айтқанда, 1,1 млрд теңге білім беру нысандарына берілді. Тиімсіз игеру бойынша айырмашылық 815 млн тегені құрап отыр. Біз жұмысты нақты факті немесе жоспар бойынша атқарымыз ба? Егер қағаз жүзінде 264 млн теңге расталып жатса, онда осы соманы ғана беріп, қалған ақшаны бюджетке қайтару керек. Оған қоса, бірқатар білім беру мекемесінде тамақтандыру бойынша игерілмеген қаражаттың қалдығы бар», — деді мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов елордадағы әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында.

Осы орайда ол №60 мектеп-лицейі 108 млн теңгені, №37 мектеп – 59 млн теңгені, №72 мектеп-лицейі – 31 млн теңгенің, №22 мектебі 4 млн теңгені бюджетке қайтару керек екенін айтты.

«Игерілмеген бұл қаражатты қайтарудың орнына, олар оны басқа мақсаттарға жұмсаған», — деді Е. Каналимов.

Оның сөзіне қарағанда, бұл қаражат бюджеттен тек балалардың тамағына бағытталған.

«Олар бұл ақшаны сыйақы, үстемеақы ретінде игерген. Біз осында әр тиынды санап отырсақ, аталған нысандарда сыйақыға миллиондап қаражат бөліп жатыр. Сондықтан осы мәселені тексеріп, нақты шара қабылдау керек», — деді мәслихат хатшысы.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Елімізде футбол менеджменті бойынша білім беру бағдарламасы іске қосылды

Алматы қаласында Қазақстан футбол федерациясы және Almaty Management University арасындағы меморандум аясында білім беру бағдарламасын іске қосуға байланысты ресми іс-шара өтті. Жобаның негізі мақсаты...

Коммерцияландыру бойынша ғылыми университеттер альянсы құрылды

Алматыда алғаш рет Industry Advisory Board форумы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – AlmaU-дың Технологияларды коммерцияландыру орталығы, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі. Industry Advisory Board (Салалық...

3 сәуірде республикалық ғылыми жобалар конкурсы басталады

Ағымдағы жылдың 3 - 7 сәуір аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізіледі, деп хабарлайды «Дарын» РҒПО. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлануына...

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді, енді Президенттің тікелей назарында болады. Бұдан бұлай Перзидент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы деп аталады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев...

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілмек

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі ықтимал. Тиісті Үкімет қаулысы көпшілік талқылауға шығарылды, деп хабарлайды QAZBILIM aқпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жаңа өзгеріске сай, енді...