16 C
Нур-Султан
25.09.2023

Республикалық «KAZBILIM» орталығы Астанада тағы бір бөлімшесін ашты.

Үш жылдан бері оқушылар мен ұстаздарға қосымша білім берумен айналысып келе жатқан Республикалық «KAZBILIM» орталығы 2016-2017 оқы жылында атқарған істерін қортындылап, Астана қаласы Сарыарқа ауданы Сарыарқа көшесі 31/2 «Запад» тұрғын үй кешенінде орналасқан жаңа филиалының тұсауын кесті, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.

Тұсаукесерге орталық ұстаздары, мектеп оқушылары мен ата-аналар қатысты. Тұсаукесерді белгілі ақын, қазақ радиосының жүргізушісі Ербол Алшынбайұлы жүргізді.

Тұсаукесерде сөз алған Қарағанды обылысы Жаңаарқа ауданынан келіп бір жыл баласын оқытқан ата-ана Мұқанов Серік орталық жұмысына табыс тілеп, қызметкерлерге алғысын білдірді.

«Менің балам Тұрар Тілегеннің Республикалық «KAZBILIM» орталығына келіп екінші тынысы ашылды, Астана қаласынан 30 километр қашықтықта Тайтөбе ауылында тұрсақ та, орталық директоры Аятжан Ахметжанұлын естіп, баламызды оқуға беріп едік, бір жыл білім алды, көп өзгерді. Бұнда тек білім емес, үлкен тәрбие берді, Ұлттық тестке жан-жақтылы дайын болып кірді, — соның нәтижесінде тесттен 129 балды еншілеп, арманындағы грантты жеңіп алды. «Қазбілім» қазақ баласына білім беруде шексіз күш салуда, бұдан кейін бүкіл әулетіміздің баласы осы орталықтан арманға қанат қағады, істеріңізге сәттілік», — деп ағынан жарылды.

Ал Астана қаласы Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп директоры Ербол Іргебай филиал лентасын қию рәсімі кезінде орталықтың алдағы уақыттағы жұмысына сәттілік тіледі.

«Қазақ сөзге бай, сөзден алыдымызға жан салмаймыз, ал, нақты ғылымға әлі толық түрен сала алмай келеміз, Міне, Аятжан осы астымыздағы байлықтың тізгінін ұстаған химия ғылымының шебер ұстазы, сөздің емес істің адамы, мына филиалдың осы ауданнан ашылып жатқанына қуанып тұрмын. Біздің балаларымызға да тамаша мүмкіндік болды деп сеніммен айта аламын. Аятжан Астана қаласы ғана емес, республика бойынша химия пәнін жеріне жеткізіп беретін ең керемет екі ұстаз болса бірі, біреу болса дәл өзі, мен Аятжанға және ол топтаған командаға сенемін, орталыққа табыс тілеймін», — деп тілегін білдірді.

Бұдан басқа алғысын білдірген ата-аналар қауымы мен оқушылар өте көп болды. Бізде ұрпақты білім мен ғылымның көкжиегіне самғатар білім ошағына сәттілік тіледік.

Айта кетейік, Республикалық «KAZBILIM» орталығы тек 2016-2017 оқы жылында тек қазақ тіліндегі 20-ға жуық оқу құралын дайындап, 500-ге жуық оқушыға сапалы білім берген бүгінде түйінді қосымша білім беру орталығы. Орталықтың 150-ге жуық оқушысы ұлттық тестілеуге және кешенді тестілеуге қатысып, 2016-2017 оқы жылындағы орташа ұпайы 111 балды көрсетті.

Орталық туралы толық ақпаратты kazbilim.com сайтынан көре аласыздар.

Ержан Жаубай

БАҚ.КЗ

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Астанада мектеп директорының үстінен іс қозғалды

Оқушы баспалдақтан құлаған мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды. «Анасымен хабарласып отырмын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді,...

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары белгілі болды

Алматыда қыркүйектің 21-24 аралығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) тұңғыш рет әлем чемпионаты өтті. Жарыс жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті...

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...