26.05.2024

Биыл негізгі ҰБТ еліміздің әр аймағында әртүрлі уақытта басталады

Биыл негізгі ҰБТ еліміздің әр аймағында әртүрлі уақытта басталады. Төтенше жағдай режимі жарияланған 6 облыс талапкерлері үшін ол кейінірек басталады.

✅Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін ҰБТ-ға тіркелу 6 мамырдан 20 мамырға дейін, ал тестілеудің өзі 25 мамырдан 12 шілдеге дейін өтеді.

✅Қалған талапкерлер үшін ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау мерзімі – 6 мамырдан 14 мамырға дейін. Ал ҰБТ 16 мамырдан басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылы барлық талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА