26.04.2024

Жетісайда бір мектептің 27 түлегі «Алтын белгі» алады

Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласындағы №6 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияны 27 түлек «Алтын белгімен» тәмамдады. Бұл туралы кешегі ҰБТ-ның қорытындысы бойынша аудан басшылығы мәлімдеп отыр.

Естеріңізде болса, былтыр Мырзашөл өңірінің мектеп бітірушілері 60-қа жуық «Алтын белгіге» қол жеткізген. Соның 50 пайызын нақ осы білім ордасы оқушыларының қанжығасына түскен еді.

Яғни, өткен жылы да Момышұлы мектебінің 29 түлегі «Алтын белгіні» мойнына таққан. Білім ошағының жылдан жылға жеткен жетістіктеріне күмәнмен қарағандар аз болған жоқ. Алайда, жетісайлықтар биыл да сол биіктен көрініп отыр.

http://kz.otyrar.kz/

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА