26.04.2024

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

Құрметті, оқушылар мен оқытушы ұстаздар, сіздерді оқу жылын аяқтауларыңызбен құттықтаймыз! Бір жыл ішіндегі жапалы еңбектеріңіз бен жеткен жетістіктеріңіз келешекте асар биік асуларға бастайтын бастаманың басы болсын!
Құрметті, түлектер, сіздер мектеп қабырғасындағы ғұмырларыңызды аяқтап, 11-жылдық білімдеріңізді сарапқа салып, ең үлкен додаға түскелі отырсыздар. Бұл, тек, бәсеке емес, бұл еліміздің әр саласының болашақта тетігін ұстайтын майталмандарын іріктеп алатын маңызды кезең. Сондықтан, сіздерге, тек, сәттілік серік болсын! Додада бойға жиған білімдеріңіздің күші алға сүйреп, ұзақ жылдық еңбектеріңіз ақталып, ата-ана мен өсірген мектепке зор қуаныш әкелулеріңізге тілекшіміз.
ҚадІрменді, ата-аналар мен ұстаздар, сіздер ертеңгі қоғамның тетігін меңгеріп, егемен елдің ғылымын өркендетіп, өрге сүйрейтін болашақ ғалымдар мен мамандарды баптап отырсыздар, бұл ата-ана мен мұғалімнің екі жақты ортақ құлшынысы нәтижесінде жүзеге асады. Сондықтан, машақаты мол, абыройлы еңбектеріңіз жемісті болсын! Жылдан жылға қазақтың салауатты, білімді, намысты ұлы мен қыздарын тәрбиелеп өсіре беріңіздер. Еңбектеріңіздің жемісін, игілігін көріңіздер!

Құрметпен: kazbilim.kz сайты ұжымы

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА