9 C
Нур-Султан
24.06.2021

ҒЫЛЫМИ ЖОБА – СУ МИ БАЛА

«Алуан-алуан жүйрік бар, өз әлінше шабатын» дегендей, «ұлттық бірыңғай тест-2014» те жақындады. Әр талапкер өз әлінше шабатын, мамандығын табатын, біреу күліп, біреуі жылап шығатын арпалыс басталғалы тұр. Иә, шапқан тұлардың бәйге алу басты мақсаты, болса талапкердің мақсаты көздеген биігін бағындырып, көңіліндегі мамандықтың тізгінін ұстап студент атану.
Әр жылы еліміз бойынша жүз мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді. Соның 35% ға жуығы мемлекеттік грантқа ие болады. Сол жеңімпаздарды іріктеудің негізгі басымдылығы ұлттық бірыңғай тесттің еншісінде. Ұлттық тест — ұпай үшін күрес. Әр бала өзінің бар мүмкіндігін салып балл алуға тырысады. Қалайда бұл толық болмасада, баланың ішіндегі бар білімнің негізгі бөлімін анықтап береді.
Жөн делік, білімділер әділетті түрде мемлекеттік грантты иелену керек. Ол дау жүрмейтін, дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Бірақ біздің жұртта қазіргі кезде “аузы қисық болсада бай баласы сөйлесін” деп, білімімен емес ебін тауып «артқы есікті» жағалайтын, сол арқылы білімдінің жолдарын жабатын да айла-шарғылар бар. Бұны тимасақ талай білімді баланың жолын қиямыз. Сөзіміз дәлелді болу үшін шаппай бәйге алатындардың амалын ашып айта кетелік.

Шаппай бәйге алу

Мемлекеттік грантты ұлттық тест өтпей тұрып ұтып алатын, ай бұрын, кейде тіпті жыл бұрын қанжығасына байлайтын керемет «үздіктер» бар бұл күні біздің жұртта.
Мемлекеттік грантты бөлгенде ерекше жеңілдікке ие болатын топтардың ең басында «алтын белгі» иегерлері тұрады. Иә, 11 жыл үздік оқыған, сол үздіктігін ұлттық бірыңғай тестте мүдірмей қорғаған оқушыға таңдаған мамандығына баруға мүмкіндік беру керек. Әуелі, өсіп келе жатқан ұрпақты шабыттандыру үшін, қосымша марапаттау енгізсе де артық емес. Біздің айтпағымыз бұл емес, біздің айтпағымыз, сол алтын белгіден кейінгі жеңілдікке ие болғандар. Олар республикалық, халықаралық «ғылыми жоба жеңімпаздары».
Бұл бала «ғалымдардың» артық статусқа ие болуы мемлекеттік гранттың тазалығына ауыр кесірін тигізуде. Себебі, ғалымдардың өзі ашатын жаңалық табылмас бұл күнде6 мектеп баласының ғылми жаңалық ашады деу — қия-ғажайып ертегінің бүгінгі кейіпкерлерін жасаумен бірдей. Сыпра жоққа шығарғымыз келмейді, еңбектенетіндері барда шығар, бірақ, мемлекеттік грантты беру тым артық, әрі орынсыз. Себебі, жемқорлықтың ащы сасық иісі аңқитын бұл тимділік, еліміздегі шаппай байге алатын «үздіктердің» үлес салмағын арттыруда.

Су төгілмес жорғалардың сыры

Сөзіміз дәлелді болуы үшін, цифрларды сөйлетіп, шаппай бәйге алатындардың шабысын көрсетелік.
Біріншіден: ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда. Бұл – жүлде алудың тамаша жолы.

Иә, атағы алатудай халықаралық ғылми жобалар конкурсының жүйесі дәл осылай, барасыз, бір танысты табасыз. Танысты кейде іздеп те керек емес, орын керек пе, пәленбай доллар деп алдыңыздан өзі шығады. Ақшасын санасаңыз орын дайын. Орын болса грант дайын. Бұл бүгін құпияда емес. Сондай құпиямен орын алып келген бір «шабондозбен» сөйлескенімізде, «бардық, екі үш сағат отырып қайттық, ел көріп, жер көріп, грант алып келдік» деген еді жасырмастан. Мысалы, дәл осындай өтірк бәйгенің бірі еліміздің Байқоңыр қаласында өтетін «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеу бойынша Халықаралық ғылыми жобалардың жүлдесінің шарттары да ақшамен шешіледі. Одан жүлде алудың басты жолы бір жыл бұрын солардың оқушылар лагеріне барып қатысу. Қатыссаң болды, ғылыми жобалар сайысында бір орының дайын. Демек, грантты ұйқыны қиып оқып алмай, ақшаны қиып, демелып жүріп аласың.
Екінші, «өтірікті шындай, ақсақты тыңдай», етіп судырату. Иә, бұл- ғылми жобаны қорғаудың амалы.
Ғылми жоба мәтіні ұрланып, әйтпесе сатылып алынған іші толған плагиат. Университеттегі ғылыми атағы барлармен келіседі. Олар бір студенттің дипломдық жұмысын немесе курстық жұмысын құны бойынша сатады. Сатып алған жобаны «өтірікті шындай, ақсақты тыңдай» етіп, судыратып айтып шығасыз. Тыңдаған жұрт оқушы мұншалық деңгейдегі жұмыс жасаса елдің болашақ жастарының білімі ұшан теңіз екен деп, аузын ашып тамсанады. Ал жүлде сізде, ҰБТ-ға дайындалып, алаңдап жан қинамастан қанжығаңызда белді университеттен белді мамандықтың гранты. Бұл недеген батпан құйрық демеңіз, бұл бәз біреулердің баласы грантсыз қалмас үшін жасалған керемет әдіс.
Үшінші, аузы қисық болсада бай баласы сөйлесін. Бұл – ғылми жобаны жеңіп алатын оқушылардың деңгейі.
Иә, білімнен жұрдай, ұлттық тестті мүлде тапсыра алмайтын «еркелер» қанжығасына грантты ерте байлап жатқанда, бәрі жалған демеске шараң жоқ. Бұл жалған да емес, ғылыми жоба грант иеленгендердің 11 жылдық оқу үлгерімін көрсе, ғылми жаңалық ашпақ түгілі, өз өмір баянын жазуға толық қауқары жетпейтін «дара шапқандар» жетерлік.

Кеселді тірліктің кесірі

Мұның арты неге апарып соқпақ? Тұрсын Жұртбай ағамызша айтсақ жалған ғылымның басы осы жобалардан басталады. Бұдан жалған атаққа ұласары даусыз. Анығын айтқанда, бұл жалғандықтың кесірі білім саласына орасан болып тұр.
Біріншіден: дарындының жолын көлденең көк атты кесті. Иә, қаншама дарынды баланы грантсыз қалдырады. Жолын кесті. Бұл болашақ алдындағы қылмыс екенін сезінетін жұрт болмай тұр қазірге.
Екіншіден: бір құмалақ бір қарын майды шірітті. Білім саласындағы таза өтетін қаншама жас ұрпақтың білімін өлшейтін бәйгелердің бәрінің құнын түсіруде. Бұл ғылым жолына түскісі келіп, өз еңбегімен ізденетін ұрпаққа теріс үгіт беріп құлшынысын азайтып барады.
Үшіншіден: білімде бәсеке, бәсекеде әділеттілік болмай ғылым дамымайды. Ұрпақтың, жас өркеннің бойындағы әділ ізденімпаздықты дамытпай ел ертеңі, ұлттың болашағы бұлыңғыр. Сондықтан бұл секілді жалған «тұлпарларды» уағында тізгіндеп алған дұрыс.
Төртіншіден: досқа күлкі, дұшпанға таба. Халықаралық деп аталатын қаншама жобада елдің экономикасы өзгенің қамбасына құйылуда. Бір жүлдені сатып әкелу үшін өзге жұрттың қазынасына мыңдаған долларды толтырып жатырмыз. Бұл, ел экономикасына кері әсерін берумен қатар, елдің өзге мемлекеттер алдындағы беделін түсірері хақ.
Бесіншіден, сынықтан басқаның бәрі жұғады. Бұл дерттің асқынғаны соншалық, басқа емес бастауыштың баласына ғылми жоба жаздыру белең алды. Бесіктен белі жаңа шығып, оң мен солын толық айыра алмайтын баланы зерттеуші ету не керек? Ұрпақтың санасына жасандылық ұялату қасіреттің бастауы болмақ.
Балық басынан шіриді. Ғылми жоба жас ғалымдарды емес жас жемқорларды дайындайды демеске шара жоқ. Білім саласының бастауы болған мектептен басталған бұл жалған ғылым елімізді жауламасын, ұрпақ санасын уламасын десек осындай өтірік ғұламаларды ержеткізетін білім саласындағы бизнес жобалардың көзін жоғалту сала мамандарының мойнындағы аманат. «Қой ішіне жасырынған түйедей» болып тұрған білім саласындағы бұл кінараттарды көретін көз болғанымен, орнына келтіріп, қазақ қоғамына сауатсыз мамандардың құмырысқадай қаптауына қарсы келер қаһарман табыла қояр ма екен? Ол жағы беймәлім…

Аятжан Ахметжан.

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

9 КОММЕНТАРИИ

  1. Өте дұрыс.Қазір білім,ғылым мүлде ұмытылды.Ғылыми кеңестер жоқ.Кадрлер дайындалмайды.ЖОО-да оқытушы жастар жоқ. Студенттердің білімдері төмен. Ғылыми жоба дегендері аннан-мұннан көшірілген шатпақ днниелер. Плагиат. ОҚУДЫҢ ҚАДІРІ КЕТТІ.

  2. ҚР Білім ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы осы жобаларды ұйымдастырып, осы гранттардың мәселесімен айналысады. Осы орталықта қызметкерлер, бәрі грант алып беретін акулалар. Сара Кудабаева, Ләйла, Расима Садакбаева деген қызметкер, методистерді сотқа беру керек. daryn.kz

  3. Біз осы Байқоңыр басқада ресейдегі халқаралық ғылыми жобалар арқылы Ресейдің қаншама экономикалық дамуына үлес қосып жатырмыз. Өкінішті.

  4. Шығыс Қазақстан «Дарын» орталығы гуманитарлық пәндер бойынша тек өздерінің ықпалдарындағы адамдарды төрелікке шақырады, ақшалылардың балаларының жұмыстарын өткізеді. Мазмұнын оқып отырып, ұяласыз. Шалдыр-шатпық бірдеңе.

  5. кешегт бирынгай тесттилеудин калай откенин кордик мектепте китап бетин ашпай оз аты жонин шак жазатын окушылар жузден жогары балл алганда айтарга соз таппай калады екенсин . барлык мектептин окушылары ватсапппен мугалимдерге жауабын белгилетип алды . корытынды балл шыккан сон бари маз би бирин куттыктап жатканы бир нарсени карк кылгандай туптин тубинде сонын кесиринен таяк жейтин озимиз одан калды болашак урпагымыз. ал олимпиадалардынг аукционга тусип кеткени кай заман бир созбен айтканда казакстан емес бейне бир мазакстанда турып жаткандаймыз. казағым кайран елим кайран журтым….

  6. жалпы билим беру саласы жане онын шарттары тонирегинде дау- дамай тек бул фактормен гана шектелмеиди, аталган фактиден баска каншама карама-каишылыктан жетип артылады. Аитылган ои туйн оте дурыс.. бул маселеге косарым, — Болашак урпак! Осындаи кателиктерди коргеннен кеин, онын мемлекетке каншалыкты зиян екенин тусингеннен кеин, оздериннен кеин туган урпакты саналы да , адил жолмен тарбиелеиди деп сенемин.- Жаксы ис те жаман ис те адамнын арекетинен паида болатыны даусыз. Ал арбир ис — арекетти саналы турде орындау ушин адамга биринши кезекте — билим- керек. Сондыктан нагыз билимнен гори сатып алынган билимди артык кору , барып турган акымактык.

  7. Көпке топырақ шашудан аулақ болайық, ағайын. Менің баламда қатысты ғылыми жобаға. Бірақ біздер бірнеше кезеңнен өттік, бізге оңай соққан жоқ. Ең алдымен ауданнан, содан кейін, қаладан өттік. Тікелей министрлікке математикадан тест тапсырдық. ондада оңай болған жоқ, бала камераның алдында отырып тапсырды. Республикалық сайысқа қатыстық, ең соңында халықаралық жобалар сайысына қатыстық. Мектепте бес пәннен емтиқан тапсырып кеше болдық. Мен баламның қасында жүрдім. Балама оңайға соққан жоқ, рас баз біреулер осы кезеңдерден өтпе-ақ бірден жүлделі орындарды иеленіп жатыр… Мүмкін сондайларды көріп айтып отырған шығарсыз, әрине олар ең алдыңғы орындарға иеленеді, мен оған өзімде куәгер болдым. Бірақ барлығы сатып алады дегенге келіспеймін. Небір талантты балалардың жобасын көрдім, іштей риза болдым.Осындай біз өткен этаптардан өткен балалардың еңбегі еңбек, ал бірден ешнәрсеге қатыспай-ақ орындар алып жатқандар , әрине сіз айтқандай сатып алу мүмкін. Бірақ көпке топырақ шашпайық.

  8. Иә, өте дұрыс айтылған пікір. мен өзімде осы білім саласында жұмыс істеймін, ешқандай ғылыми жобаны оқушылар жазып жатқан жоқ барі құр далбаса. Егер мұғалім бір ғылыми жобаға жетекшілік ететін болса ол жерде білімді, дарынды баланы іздемейді керісінше әке-шешесінің жағдайы бар, қалталы адамдардың баласын іздейді және сәйкесінше сол балалар орын әкеліп әп-сәтте ЖОО-ның грант иегерлері болып шыға келеді. Өз басым Қазақстандағы білім беру жүйесіне мүлдем қарсымын, қайдағы бір болмайтын методикалармен курстарды, электронды оқыту (елононг) енгізгенше ең алдымен мұғалімдердің жалақысын көтеру керек. Қазір мектепте істеу үшін, сіз кемінде екі ставкда жұмыс істеу керексіз әйтпегенде бір ставкадағы алар ақшаңыз ештеңеге жетпейді, ал екі ставкада жұмыс істеуге ешкім үлгермейді, содан барып ол жерде не білім, не сапа жоқ, әйтеу мұғалімдер бір сыныптан шығып бір сыныпқа кіріп жүре береді тіпті ортасында журнал алуға уақыттары болмайды және сынып жетекшіліктері бар әр балаға жауап беру керек. Электронды оқытуды енгізгелі бері мұғалімдердің жұмысы тіптен екі еселеіп қиындап кетті мұғалімдер қағазға бір толтырады және сол нәрсені электронды түрде тағы бір толтыру керек, екеуінің бірі қалу керек қой не қағаз түрінде жазу, не болмаса электронды түрде толтыру. Осының барлығы мұғалімдерді бітпейтін отчеттан бас алдырмайды, осыдан барып қандай білім, қандай сапа болуы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Үздік студенттер ұлықталды

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық...

Мектептердегі қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады

Еліміздің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Ішкі істер министрі Ерлан...

Мектеп құлап, алты адам қаза тапты

Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі шетелдіктер. Бұл туралы The Brussels Times газеті хабарлады деп жазды Қазақпарат...

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...