09.10.2024

Астана қаласында физика-техникалық лицей ашылды

Жаңа техникалар мен ақпараттық технологиялардың дәуірі атанған ХІХ ғасырда Мағжанның: «қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай- ақ серттесуге болады» деген ұлағаты ойдан шықпақ емес.
7300Иә, ертең үшін аянбай серттесу үшін қазақ жанына жақын, қазақ тілді заманауи оқыту нысандарын көптеп ашу бүгінгінің алдындағы кезек күттірмес маңызды міндерттердің бірі болмақ.

Жақында ақпарат көздерінің бірінен «Астана қаласынан алғаш рет таза қазақ тіліндегі физика-техникалық лицей ашылды»- деген хабарды көзіміз шалып, жай-жапсарын білмек болып оқу орнына барған едік.
Оқу нысанының сыртқы көрінісі, тұрған орналасқан жері бірден қуантты. Төрт қабатты еңселі оқу ордасының айналасы спорттық алаңдар. Міне, қазақ мектептерінің бәрі осындай болса, Республикадан ағалап алға шыққан дарынды балаларға арналған «Зерде» секілді үздік мектептерге де осындай нысандар салынса ғой деген ой қылаң берді.

Аталмыш оқу ордасының басшысымен мектептің болашақ бағыты турасында сөйлесіп, мектептің ішкі әлеуетімен таныспақ болып директор кеңсесіне барғанымызда қуанышымыз еселенгендей болды. Себебі, еңсесін жаңа тіктеп, оқушыларға есігін енді ашқалы отырған оқу ордасын биылғы жылғы ҰБТ көрсеткіші бойынша орташа 116,9 баллдық көрсеткішпен Республика бойынша бірінші орынға табан тіреген Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің басшысы, білікті директор Байтажикова Құралай Амангелдіқызы басқармақ екен.

fotkaМектептің болашақ бағыт-бағдары туралы сұрағанымызға Құаралай Амангелдіқызы былай деді:
– Бұл ғасырда математика, физика, химия секілді пәндерге деген сұраныстың жоғары екендігі түсінікті. Оны айтпағанда Қазақстан секілді қарыштап дамып келе жатқан ел үшін бұл пәндердің маңызы тым ерекше. Бұл айтпаса да түсінікті. Сол маңызды ғылымды ұрпаққа игертіп, еліміздің көл-көсір байлығын өз перзенттеріміздің қолымен игертіп, болашақта шетелдің технологиясына телмірмей, сол елдермен терезені теңестіру үшін мынадай мектептердің ашылуы мемлекет тарапынан жасалған үлкен қолдау деп білемін. Бірақ, осындай орайды пайдалану, «білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деген ұстаныммен ұрпағымыздың білім сапасын көтеру, талапты ұл-қыздарымыздың талантын шыңдау біздің мойнымыздағы аманат. Тек мен ғана емес, менімен бірге осы ұжымда жұмыс атқаратын әр ұстазға сын бұл.
Мен бұрынғы жетістіктерімді мақтан етуден аулақпын, тек ендігі мақсат, алдағы жоспарлар, болашақта жететін жетістігіміз туралы ғана ойлаудамын. Мен бір өзім бәрін тындырамын деп айта алмаймын, дегенмен менімен осы аманатты бірге арқалауға бел байлаған әр ұстазда ұлттық рух, ар-намыс, жауапкершілік қасиет болса біз әлі талай биікті бағындырамыз деп сенемін. Бұл мектеп аты айтып тұрғандай физика-техникалық лицей болғандықтан да ата-аналар балаларын әкелерде оның бейіміне қарай математика, физика сынды сабақтарын басты назарға алғаны абзал. Өйткені мен оқушының әуел бастан бейіміне қарай тәрбиеленгенін қалаймын. Қазақта сөз бар ғой «үйреткен сөз дауға жарамайды» деген. Бала шын пейілімен, махаббатымен үйренгенін ғана игере алады. Мен оқушының сылдыр сөз бен тек қағиданы жаттап алатын жаттанды білім иесі емес, әр құбылысты көз алдынан өткізе алатын және оны практикада қолдана алатын болып үйренгенін қалаймын. Сондықтан оқушыда талап, мұғалімде қызу ынта, ал жалпы мектепте жауапкершілік болса біз зердеде жеткен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын.

777Сөйтіп, жап-жаңа оқу орнының тізгінін қолға ала салысымен қызу жұмысқа бел шешіп кірісіп кеткен Құралай Амангелдіқызының сөзіне риза болып қайттық. Қай жерде болса да еліміздің ғылымына тамшыдай үлесін қосуға құлшыныс ол ұлттың бағы. Осындай асқақ арман мен қайсар рухты қанат еткен білім шаңырағынан қазақ елі үшін қанатын кеңге жаятын қырандар түлеп ұша берсін, білім ордасының ұлт қоржынына салар олжасы көп болсын!

Ескерту: мектеп 1-11 сыныпқа оқушы қабылдау басталды, 1-4 сыныпқа Астана қаласында тіркелген оқу жасына толған балалар қабылданады. Ал, 5-11 сынып аралығына мектепке қабылдау конкурстық іріктеу арқылы жүргізіледі, – деп ескерттеді мектеп әкімшілігі.
(мектептің байланыс телефоны: 8-7172-50-18-01; 8-775-751-86-96)

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА