04.10.2024

Балалар халықаралық олимпиада 7 білім беру грантын және 14 медаль жеңіп алды

Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» халықаралық олимпиадасында 7 білім беру грантын және 14 медаль жеңіп алды

 

Ақтауда қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты XXI Халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Олимпиадаға Өзбекстан, Түрікменстан, Қытай, Ресей және Ираннан келген 48 дарынды оқушы қатысты. Олар 14 марапатты өзара бөлісті: 6 қола, 5 күміс және 3 алтын медаль. Жабылу салтанатында олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері белгілі болды. Қола медаль иегерлері: 1. Дарина Даушева (Ресей, Самара облысы, 8-сынып); 2. Зара Кульмашова (Ресей, Самара облысы, 8-сынып); 3. Айдана Бинамбетова (Ресей, Самара облысы, 8-сынып); 4. Сабина Асқарова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып); 5. Елдос Сақов (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 10-сынып); 6. Бақтығұл Амангылыжова (Түрікменстан, Гарабогаз, 11-сынып) — Маңғыстау облысының Yessenov University білім беру гранты. Күміс медаль алғандар: 1. Ақжол Оразәлі (Қытай, Шыңжаң, 12-сынып); 2. Аружан Ақылбекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып); 3. Ерсұлтан Джорабеков (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып); 4. Гүлсевар Сафаралиева (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 9-сынып); 5. Диляра Әділбекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 8-сынып). Алтын медаль және мемлекеттік білім беру грантына ие болғандар: 1. Мөлдір Нұрлан (Қытай, Шыңжаң, 12-сынып) — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру гранты; 2. Диана Ордабекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып) — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру гранты; 3. Балжан Әділбекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 9-сынып). Қосымша мемлекеттік білім беру гранттарына ие болған оқушылар: 1. Сабина Асқарова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып) — Ө.Жәнібекұлы атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің білім беру гранты; 2. Ақжол Оразәлі (Қытай, Шыңжаң, 12-сынып) — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру гранты; 3. Аружан Ақылбекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып) — Ө.Жәнібекұлы атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің білім беру гранты; 4. Ерсұлтан Джорабеков (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып) — Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру гранты.

 

Олимп️иаданы ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Маңғыстау облысының білім басқармасы және «Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығы.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА