24.07.2024

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатыс!

Биыл «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 1 тамыз бен 30 тамыз аралығында «Балаларға мейірімділік сыйла» атты ұранмен өтеді, – деп хабарлайды Астана қаласы Білім басқармасы astana.kz сайтында.

Аталған акция еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылады. Мұндағы мақсат аз қамтылған отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесу. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қазақстандықтарға шетте қалмай, акцияға жұмыла атсалысуға шақырады. Өйткені әр бала мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Әр оқу жасындағы бала алаңсыз мектеп табалдырығын аттау үшін баршамыз белсене атсалысуға міндеттіміз. Ұрпақтың алаңсыз білім алуына әркім хал-қадірінше көмек қолын созса екен, көп болып жұмыла көтеріп, әрбаланың жүзінен қуаныш ұшқыны сезіліп, көңілді күймен мектеп табалдырығын аттаса екен, – деп тілейміз портал әкімшілігі.

Акцияға қатысам деушілер Астана қаласы Білім басқармасының 8-7172-55-68-74, 55-68-75 телефон нөміріне хабарласа алады.

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА