24.07.2024

Тамыздың 16-сы мен 23-і Астанада мектеп жәрмеңкесі өтеді

fbc85ba953566c5a79cc98302ceЖыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында Астанада мектеп тауарлары мен оқу құралдары жәрмеңкесі өтеді. Биыл тұрғындарға ыңғайлы болу үшін шараны тамыздың 16-23-сы демалыс күндері өткізу жоспарланған. Жәрмеңке әдеттегідей әкімдік алдындағы қалалық алаңда ұйымдастырылады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы Білім басқармасы мәлімдеді.

Жәрмеңкеден Астана тұрғындары мен қонақтары қажетті тауарларын қолжетімді бағада сатып ала алады. Келушілердің назарына қаламнан бастап есептегіш калькульятор мен түрлі қалыптағы дәптерге дейінгі алуан түрлі оқу-құралдары қойылады. Сонымен қатар, Астана және Қазақстанның өзге де аймақтарының кәсіпкерлері мектеп жасындағы және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған киімдер, аяқ киім, портфель мен сөмкелерді ұсынады. Мектеп жәрмеңкесі өтетін күндері келушілерге концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қоғамдық тамақтану нүктелері ашылады.

Естеріңізге сала кетейік, мектеп жәрмеңкесі «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Астанада жыл сайын өткізіледі.

http://astana.gov.kz/

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА