10.10.2024

Қазақстанда жекеменшік мектептер каникул уақытын қалай белгілейді?

Қазақстанда халықаралық және пилоттық мектептер оқу жылының басталу және аяқталу уақытын өздігімен белгілеуді сұрап отыр.

«Бұл мектептердің басшылары бұған дейін Оқу-ағарту министрлігіне осындай өтінішпен жүгінген болатын. Бұл жалпы білім беретін мектептерге қатысы жоқ екенін еске сала кетейік. Себебі онда оқу мерзімі өзгеріссіз қалады», – деп түсіндірді министрліктен.

Ұсыныста халықаралық және бірқатар пилоттық жекеменшік мектептің өкілдері қысқы каникул мерзімін, сондай-ақ оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін дербес реттеуге мүмкіндік беруді сұраған. Мәселен, ЖРВИ (жіті респираторлық вирусты инфекциялар) ауруы өршіп, аяздар күшейетін қысқы мезгілде оқушылар көбірек демалып, оның орнына жазда ұзағырақ оқиды. Яғни оқу жылын 1 қыркүйекте емес, 20 тамызда бастау ұсынылады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, халықаралық мектептерге қойылатын жеке талаптар мен нормалар қазірдің өзінде бар.

«Сол себепті академиялық еркіндік шеңберінде шешім қабылдау – бұл бұрыннан бар тәжірибе. Кейбір халықаралық және пилоттық жекеменшік мектептер оқу жылын өз бетінше 20 тамызда бастайтынын білеміз. Бірақ олар оны жазғы мектеп немесе дайындық кезеңі деп атайды, алайда олар сол кезден бастап бағдарлама бойынша оқиды. Осы күндер есебінен олар қыста балаларға екі аптаға ұзағырақ демалыс береді.

36 апталық оқу жылы қандай болмасын, міндетті демалыс күндерінің саны және оқу жылының басталуы мен аяқталуының жалпы мерзімдері әлі де халықаралық мектептер үшін әрекет етеді. Ал жалпы тәсілдер шеңберінде жекеменшік және халықаралық мектептердің өздері мерзімдерді реттеу мүмкіндігін қарастыруға болады. Бұл ұсыныс қоғамдық талқылауға шығарылды. Қалған мектептің барлығы үшін оқу жылының басталу және аяқталу мерзімі өзгеріссіз қалады», – деді Гүлмира Кәрімова.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА