10.10.2024

Министр Ильин 8 жасар Дінмұхаммедті медальмен марапаттады

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Атырау облысында балаларды судан құтқарған 8 жасар Дінмұхаммед Жаңбырбайды «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады.

«Министр Дінмұхаммедке батыл іс-әрекеті үшін, ал оның ата-анасына көмекке келуге дайын тұратын баланы тәрбиелегені үшін алғыс білдірді», – делінген министрлік мәліметінде.

Ведомстволық награданы кішкентай батырға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Жаңабай табыс етті.

Еске салайық, оқиға 3 желтоқсан күні Атырау қаласындағы Жайық өзенінің жағасында болды. Дінмұхаммед жексенбі күні түстен кейін 14 және 9 жастағы достарымен мұз үстінде ойнап жүрген. Кенет әлсіз мұз жарылып, екі досы су астына кетеді. Шетте тұрған Дінмұхаммед өз өмірін қатерге тіге отырып, ойланбастан көмекке ұмтылды. Солай достарының бірін судан алып шықты.

Кейін жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаев мектепке барып, кішкентай құтқарушыға облыстық Полиция департаменті бастығының алғыс хатын тапсырды.

Айта кетейік, 4 желтоқсанда Атырау облысында тағы бір оқиға болды. Онда ер адам немересімен серуендеп жүріп, Жайық өзеніндегі мұз астына түсіп кетті. Оқиға куәгерлері 10 жастағы баланы құтқарып үлгерді.

 

Фото: gov.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА