22.06.2024

Ғылым министрлігі студенттер арасында тілдік кемсітуге байланысты түсінік берді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушылары арасында этносаралық қатынастарды нығайтатын жұмыстарды жүргізеді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы Үкімет қаулысының жобасында жазылған.

Құжатта бұл толықтыру президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау аясында енгізілгені жазылған. Сондай-ақ, Ғылым және жоғары білім министрлігіне биылдың соңына дейін этносаралық қатынастар мәселелерін бекіту тапсырылған.

Қаулы жобасы бойынша министрлік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алатын жастар арасында этносаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігі қағидаттарын қалыптастыруға және нығайтуға жәрдемдеседі.

Қаулы жобасы 7 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ашық.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА