04.07.2024

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу ушін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.

⏰Құжат қабылдау 2022 жылғы 1 желтоқсаннан 2023 жылғы 10 қаңтарға дейін жүргізіледі.
Кешенді тестілеу 2023 жылғы 2-3 наурыз күндері өтеді.

Зияткерлік мектептерге оқушыларды қабылдау үшін халықаралық стандарттарға сай және барлық үміткерлер үшін объективтілікті, әділеттілік пен теңдік қағидасын қамтитын конкурстық іріктеу жүйесі қолданылады. Зияткерлік мектептерге оқушыларды конкурстық іріктеудің қолданыстағы жүйесінің тиімділігі валидациялық зерттеулермен (2016, 2020 жылдар) және 2022 жылы сараптама және сертификаттау зерттеу орталығының (RCEC, Нидерланд) халықаралық аккредитациясынан табысты өтуімен расталды. Конкурстың қорытындысы негізінде «Өркен»
білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия нақты мектептерге бөлінген гранттарға сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау және тілдік тестілеуден неғұрлым жоғары жалпы балл жинаған үміткерлерге грант тағайындайды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА