07.07.2024

Қазақстан оқушылары рекорд жаңартты: Әлемдік олимпиадалардан 26 медаль

Биыл қазақстандық оқушылар өткен жылдардың рекордын жаңартып, әлемдік олимпиадаларда 26 медаль жеңіп алды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл еліміздің мектеп оқушылары математика мен географиядан бір-бір алтын медаль алды. Сонымен қатар қазақстандық оқушылардың еншісінде 13 күміс бар. Нақтырақ айтқанда, еліміздің оқушылары физикадан – 5, математикадан – 3, химиядан – 3, биологиядан – 1 және географиядан 1 күміс медаль еншіледі. Ал оқшушыларымыз 11 қола медальді информатика (4), математика (2), биология (2), лингвистика (1), химия (1) және география (1) пәндерінен жеңіп алды.

Айта кетейік, елімізде халықаралық зияткерлік олимпиадаларға қатысушыларды ынталандыру және қолдау мақсатында алтын медаль иегерлеріне 1500 АЕК, күміс – 1000 АЕК, қола – 500 АЕК көлемінде сыйақы тағайындау жоспарланып отыр.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА