11.10.2024

Қандастар еліміздің ЖОО-ларына ҰБТ-сыз қалай түсе алады

Қандастар еліміздің жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай түсе алады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған.

«Заңнамаға сәйкес білім беру гранттары Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) нәтижелеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары бойынша конкурс негізінде беріледі. Бүгінгі күні қандастар үшін мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінің 4 пайызыы (2265 грант) мөлшерінде жоғары оқу орындарына түсу үшін қабылдау квотасы көзделген. Осы квота аясында 2012 жылдан бастап 2021 жылға дейін 8 000-нан астам қандас қабылданды. 2020 жылдан бастап жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту мақсатында қандастар үшін ҰБТ алғаш рет электронды форматта ұйымдастырылды. Ол тестілеуді қашықтан шетелде тапсыруға мүмкіндік берді», – деп атап өтеді вице-премьер жауабында.

Оның дерегінше, биыл онлайн тестілеуге 1 143 қандас қатысты, 796 қандас немесе ҰБТ-ға қатысушылардың жалпы санының 69 пайызы білім грантын алды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 76 пайыз деңгейінде болды

«2020 жылдан бастап SAT, АСТ және IB халықаралық стандартталған тестілерінің балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру енгізілді. Аталған сертификаттары бар адамдар ҰБТ тапсырудан босатылады. Тиісінше, стандартталған тест сертификаттары болған жағдайда қандастар ЖОО-ға ҰБТ-сыз түсуге мүмкіндігі бар», – деді ол.

Ералы Тоғжанов 2020 жылдан бастап диаспора өкілдері ҰБТ тапсырмай ЖОО-ға дайындық бөлімдеріне қабылдаудың бекітілген қағидаларына сәйкес әңгімелесу нәтижелері бойынша қабылданатындығын атап өтеді.

«Жыл сайын жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік стипендиямен және жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ете отырып, Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Түркіменстаннан 1000-нан астам қандас қабылданады. Дайындық бөлімінің бағдарламасы бойынша қандастар қазақ тілін, жалпы білім беру пәндерін оқиды, ҰБТ-ға толыққанды дайындық курсынан өтеді», – деді Үкімет басшысының орынбасары.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА