10.10.2024

Астана медициналық университетіне жаңа ректоры тағайындалды

Астана медициналық университетінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен өткен жиында университеттің жаңа ректоры болып Камалжан Надыров тағайындалды. Сонымен қатар аталған ЖОО-ның Директорлар кеңесінің төрағасы болып Бақытжан Сексенбаев, жаңа тәуелсіз директор болып Дамир Сүйентаев сайланды.

Камалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар: медициналық және экономикалық.

С.Д. Асфендияров атындағы қазақ мемлекеттік медицина университетін , Тұран университетін, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебін бітірген. Duke University, «The Fuqua School of Business» (АҚШ), Parkway College» (Сингапур), «Florence Nightingale» (Түркия) клиникалар тобында, «Oxford» Social Health Insurance system» (Германия) білім алды. «Қоғамдық денсаулық сақтау» (МВА) мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі және «Бизнес әкімшілендіру» (EMBA) мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі.

2007 жылдан 2014 жылға дейін Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2017 жылға дейін Республикалық диагностикалық орталықты басқарды — «University Medical Center» филиалының директоры болды.

2017-2018 жылдары Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасын, 2019 жылдың наурыз айына дейін Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарды. ё

2019 жылдан 2020 жылға дейін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды. 2020 жылғы маусым-қазан аралығында Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болды.

2021 жылдың наурыз айынан бастап Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының басшысы болған еді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА