2424-11-21

Мектеп инспекторларының штатының қысқаруы: Қауіпсіздік пе, әлде тәрбие жүйесін бұзу ма?

Премьер-Министр Олжас Бектенов Сенат депутаттарының сауалына орай мектеп инспекторларының штаттарының қысқартылу себебін түсіндірді. 2000 жылы құрылып, мектептердегі тәртіпті қамтамасыз ету үшін жұмыс істеген инспекторлардың негізгі міндеті – бөгде адамдардың мектептерге кіруін және тыйым салынған заттарды өткізуін болдырмау болған.

Бектеновтың айтуынша, қазіргі уақытта еліміздегі мектептердің 84%-ы бейнебақылау жүйелерімен қамтылған. Сонымен бірге, мектеп инспекторлары өздеріне тән емес міндеттерді (педагогтарды алмастыру, сабаққа келмейтін балаларды бақылау) атқарғандықтан, Президент Әкімшілігімен келісілген шешім бойынша олардың саны қысқартылып, учаскелік инспекторлардың (кәмелетке толмағандар мен әйелдерге қатысты қылмыстар бойынша) саны арттырылған. Тәрбиелеу жұмысы заманауи талаптарға сай жетілдіріліп отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР