20 C
Нур-Султан
25.09.2023

Жас ғалымдарымыз тегін жоғары білім алуы тиіс – Мәжіліс депутаты

Жас ғалымдарымыз тегін жоғары білім алуы тиіс. Мұндай пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова білдірді.

Өте көп жастарымыз жоғары білім алу үшін шетелге кетіп жатыр. Жоғары білім алғаннан кейін олардың көпшілігі сол жақта қалып қоятындығын да білеміз. Ал бұл мемлекетіміз үшін үлкен шығын екені түсінікті. Ал ғылыми қызметкерлерді дайындайтын жоғары оқу орындарымыз қандай? Ғылыми қызметкер болғысы келгендер жақсы білім ала алмай жатады. Біздегі көптеген жоғары оқу орындарында білім алу, әсіресе гуманитарлық салада ақылы. Сондықтан да ғалым болғысы келетін жастарымыз өзге елдерге тегін білім алу үшін кетіп қалады», — деді Мәжіліс депутаты «Ақылды жастардың шетелге кетуі. Себептері және оған қалай қарсы тұруға болады?» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында.

Осы ретте ол бүгінде жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналған еліміздің Ғылым академиясын мемлекеттік мекемеге айналдыру керек деп санайды.

«Бұл – бірінші. Екінші – біздің жас ғалымдарымыз Германия, Франциядағыдай тегін жоғары білім алуы тиіс. Бүгінде Ресейде де көптеген жоғары оқу орны тегін жоғары білім береді. Барлығы бірдей жоғары оқу орнын бітіре алмайтындығы белгілі. Бірақ, ол жерге баруға барлығының да мүмкіндігі болу қажет», — деді Ирина Смирнова.

Айта кетерлігі, осы дөңгелек үстел барысында Қазақстанның коммунистік халық партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының екінші хатшысы Ділдә Майданбекова жастар трендін зерттеу аясындағы сауалнама нәтижесін жариялап, 15 пен 29 жас аралығындағы қазақстандықтардың шамамен 42 пайызы шетелге оқуға немесе тұрақты тұруға кетуді жоспарлап жүргенін айтқан еді.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Астанада мектеп директорының үстінен іс қозғалды

Оқушы баспалдақтан құлаған мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды. «Анасымен хабарласып отырмын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді,...

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары белгілі болды

Алматыда қыркүйектің 21-24 аралығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) тұңғыш рет әлем чемпионаты өтті. Жарыс жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті...

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...