25 C
Нур-Султан
26.07.2021

Екі облыста коронавирус табылған мектептер мен балабақшалар карантинге жабылды

Екі өңірдегі мектептер мен балабақшалардан анықталған коронавирусқа байланысты аталмыш әлеуметтік нысандар карантинге жабылды.

Қазақстанның екі облысының білім ордаларында кезекші сыныптар мен балабақшалардағы кезекші топта коронавирус инфекциясы анықталды. Барлығы — 16 бала. Оқу ордаларының бәрі де карантинге жабылды», — деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Оның айтуынша, коронавирус жұқтырған балалармен қарым-қатынаста болған ата-аналар мен мұғалімдер үй карантиніне жатқызылған.

«14 күн өткеннен кейін аталмыш білім ордалары мен балабақшаларда өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен бірге балаларды қайтадан тексереміз. Балалар ауруды жеңіл түрде өткеріп жатыр. Көбінде дене қызуы да байқалған жоқ. Кейбірінде жөтел, кейбірінде аурудың басқа да жеңіл түрлері анықталды. Жалпы жағдайлары жақсы. Бәрі де үйінде. Олар қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Дәрігерлердің бақылауында», — деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бағдат Қожахметов Солтүстік Қазақстандағы мектептерде оқушылардың коронавирус жұқтырып алғанын хабарлаған болатын.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Бірқатар өңірлерде көше, мектеп, университет атаулары өзгерді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссия қортындысы бойынша мемлекет меншігіндегі обьектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға және басқада кейбір құрамдас бөліктеріне атау...

Болашақ журналистерге: Шығармашылық емтиханды қалай тапсырамыз?

ҰБТ тапсырғаннан кейін бірден университетке түсіп кетемін деген түсінік жоқ. Әрине, бұл шығармашылық емтихан тапсыратындар үшін. Олар үшін тестілеу – алғашқы қадам ғана. Оларды...

ҚР БҒМ комитеті күні бойғы жұмысқа тартылған 14 жасөспірімді анықтады

Кәмелетке толмаған 14 балаға қатысты еңбек заңнамасын бұзу фактілерін ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері анықтады. Министрлік мәліметіне сәйкес, жұмыс берушілер...

Магистратура түсушілер назарына…

Құрметті, кешенді тестілеуге (магистратура) қатысушылар! 2021 жылдың 18 маусымында басталған магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға тіркеу 15 шілдеде аяқталады. Магистратураға түсушілерге кешенді тестілеуге қатысуға өтініш...