-20 C
Нур-Султан
22.01.2021

Сапасыз оқулық дайындағандар жауапқа тартылады: Президент тапсырмасы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сапасыз оқулық дайындайтындардың жауапкершілігін заңнамалық түрде бекітуді тапсырды, деп хабарлайды.

«Елімізде оқулықтардың сапасы мәселесі жиі көтеріледі. Білім сапасы айналып келгенде оқулықтың сапасына байланысты. Бұл – аксиома. Сол себепті ғылыми-практикалық сараптамаға қойылатын талапты едәуір арттырып, оқулықтардың апробациясын түпкілікті түрде көтеру керек. Бұл – Білім және ғылым министрлігінің міндеті. Мен тіпті оны басымдыққа ие тапсырма деп айтар едім», — деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Мемлекет басшысы Қазақстанда қазіргі таңда оқулықтардың сапасы өте нашар екенін мәлім етті.

«Заңнамалық түрде сол оқулықтарды жазатын адамдардың жауапкершілігін бекітуді тапсырамын. Нашар оқулық дайындадың ба, жарамай қалды ма – оны жазған адам жауапкершілігін көтеруі керек. Басқаша болмайды», — деді Президент.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Байтұрсынұлы мен Әнуар Паша әліппелерінде қандай байланыс бар?

* А.Байтұрсын емлесі мен Ә.Паша емлесі арасында байланыс бар ма? * Латын әліпбиіне көшу мәселесі Османлы кезеңінде-ақ талқыға салынды... * 1926 жылы Бакуде өткен конгресстің астары... *...

ҰБТ-2021: Алғашқы күннің қорытындысы

Қаңтардағы ҰБТ-ның алғашқы күні тестілеуге 16 307 адам қатысты. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады. Тестілеуге қатысқандардың ішінде 12 мыңнан астамы қазақ тілінде, 4...

Мектептің бас ұстазы жас ұстазды қалай тәрбиелеуі керек?

Ертең, яғни қаңтардың 22-сі күні сағат 20:00-де "Директор келбеті. Дамушы мектеп: ортақ мақсат, ұжымдық мәдениет" тақырыбында онлайн-кездесу өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы, 51 мектеп-гимназиясының...

«Оқулық» республикалық ғылыми-практика орталығына жаңа басшы тағайындалды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бұйрығымен «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры қызметіне Елдос Нұрланов тағайындалды. Елдос Болатханұлы 1981 жылы 13 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге...

Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Республика бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істейді....