26.04.2024

Мақтаарал ауданындағы су басқан аймақтағы оқушылар қашықтан білім алуын жалғастыруда

Балаларға онда қашықтан оқуға жағдай жасалған. Нақтырақ айтқанда аталмыш орындарға телевизорлар қойылып, енді олар «Балапан» мен «Еларна» телеарналары көре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, аудандағы су басқан Жеңіс, Нұрлы жол, Жаңатұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарында жалпы саны 5 мектеп бар. Онда 1638 оқушы білім алады. Ал, 6 мектепке дейінгі білім беру ұйымында 425 адам жұмыс істейді. Апат болған аймақта оқушылар қажетті кеңсе заттары, оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Балалар бос уақытында танымдық, спорттық ойындар ойнап, кітап оқумен айналысуда.

Сала мамандарының айтуынша, ата-аналар мен оқушылардың көңіл-күйі мен психологиялық ахуалы бірқалыпты. Білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп психологтары төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен ауыл тұрғындары мен оқушыларға психологиялық көмек көрсетуде.

Жергілікті тұрғындар мен мектеп әкімшіліктері арасынан және көрші Шардара, Келес, Сарыағаш, Жетісай, Арыс аудандарынан демеушілер табылып, зардап шеккен отбасылар мен оқушыларға азық-түлік, киім-кешек және тағы да басқа заттарын алып беріп жатыр.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА