-10 C
Нур-Султан
22.03.2023

Білім министрі ЖОО-ларды жабу құқығын алғысы келеді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне жоғары оқу орындары лицензияларын қайтарып алу және жабу құқығы берілуі қажет. Бұл туралы кеше аталған ведомоствоның басшысы Асхат Аймағамбетов айтты.

Бүгінде шешімді сот қабылдайды. Ал біз мемлекеттік орган ретінде лицензия бергеннен кейін өкілетті орган ретінде аталған лицензияны қайтарып алу, айыру құқығымыз болуы қажет. Бұл норма таяу арада беріледі деп үміттенемін», — деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, мұндай норма қазіргі уақытта Мәжілісте талқыланып жатқан заң жобасында көрініс тапқан.

«Мәжілісте әкімшілік кодекске өзгерістер талқыланып жатыр. Бұл норма қабылданады деп үміттенемін. Аталған норманың қабылдануы Білім және ғылым министрлігіне ЖОО-лар біліктілік талабына сай болмаған жағдайда жедел әрі тиімді әрекет етуіне мүмкіндік береді», — деді ол.

Асхат Аймағамбетовтің дерегінше, бүгінде Қазақстанда жоғары оқу орындарының саны өте көп.

«Бізде жоғары оқу орындары өте көп. Егер олар талапқа сай болмаса, онда біз оларды жабамыз. Қазіргі уақытта студенттердің басқа жоғары оқу орындарына ауысуын ауырпалықсыз жүргізу мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз. Себебі мұнан студенттер зардап шекпеуі қажет»,- деді министр.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...

Шетелдік ғылыми тағылымдама: өзгерістер мен жаңартулар

Білімде шекара жоқ. Қазіргі таңда оқимын, білімімді шыңдаймын деген дарынды жастардың кез келген елге барып, тең дәрежеде білім алуына толық мүмкіндігі бар десек қателеспейміз. Президент...