2424-12-03

Абайдың рухани мұрасы Қазанға жол тартты

Қазан қаласындағы Ғабдолла Тоқай атындағы әдеби мұражайда Семей қаласындағы Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана «Кітап жәдігерлері – құнды мұра» атты көрмені таныстырды.

Бұл көрме Татарстанның тұрғындары мен қонақтарына Абай кітапханасының сирек қорынан шыққан әдеби мұралар мен ерекше басылымдармен танысуға мүмкіндік береді.

Көрме екі негізгі бөлімнен тұрады: «Ғасырлар үндестігіндегі рухани мұра» және «Қазан қаласында басылған сирек кітаптар». Алғашқы бөлім – «Абай сирек басылымдар беттерінде» Абай Құнанбайұлына арналған шығармаларды, сонымен қатар оның рухани тағылымдарына әсер еткен қазақтың классиктері мен ойшылдары туралы кітаптарды көрсетеді.

Екінші бөлім, «Қазан қаласында басылған сирек кездесетін кітаптар», Қазан қаласында жарық көрген және қазір Абай кітапханасының қорында сақталған ХХ ғасырдың басындағы сирек кітаптарды таныстырады.

Көрмеде Ресей мен Татарстан тарихына қатысты басылымдар, ғылыми және медициналық кітаптар, сондай-ақ сол кезеңде басылып шыққан көркем әдебиеттер ұсынылған. Араб және латын графикасында басылған кітаптар мәдени алмасу мен тарихи мұраның ерекше үлгісі болып табылады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР